Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жәрдемақы төлеудің жаңа жүйесінде жаңалық көп

Жәрдемақы төлеудің жаңа жүйесінде жаңалық көп

Жақында ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында біршама мәселелерге маңыз берілді. Оның негізгісі – халықты масылдыққа емес, керісінше еңбекке ынталандыруға бағыттаған атаулы әлеуметтік көмекті төлеудегі оң өзгерістер туралы заң жобасы жайында аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Совет Бабанаевқа жолыққан едік.
– Совет Кеңесұлы, көпбалалы отбасыларға берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақының негізгі мақсаты неде?
 – Мемлекет басшысының ағымдағы жылдың 2 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдау бағытының бірі болып табылады.
Көпбалалы аналардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жәрдемақы төлеудің жаңа жүйесінде жаңалықтар көп.
Мұндағы мақсат – көмекке мұқтаж адамға, әсіресе, балалар мен көпбалалы отбасыларға жәрдем жасау. Еңбекке қабілетті азамат жұмыс істеуге тиіс. Мемлекет оның жұмысқа орналасуына немесе шағын бизнеспен айналысуына ықпал етеді.
Мемлекеттік көмекке көпбалалы отбасыларды қолдау, табысы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету, табысы аз үй балаларына берілетін кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер кіреді.
 – Кепілдендірілген әлеуметтік пакет туралы айтып қалдыңыз. Осы туралы түсінік берсеңіз...
 – Жаңа заң жобасында табысы аз отбасылардан шыққан балалар үшін кепілдендірілген әлеуметтік пакетке 1 мен 6 жасқа дейінгі балғындарды азық-түлік жиынтығы және гигеналық құралдармен қамту, 6 мен 18 жасқа дейінгі балаларды мектептерде ыстық тамақ, оқу құралдары, мектеп киімі, мектепке дейінгі жол жүру шығындары өтеу көзделген.
– Атаулы әлеуметтік көмек қалай тағайындалады? АӘК көпбалалы отбасыларға төлене бере ме? Оның төлеу шарттарында өзгерістер бар ма?
 – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмекті берудің қолданыстағы жүйесін өзгертетін заң жобасын таныстырғаны өздеріңізге мәлім. Оның басты бағыты – еңбекке ынталандыру, азаматтардың табыстарын және мемлекеттік қолдау мөлшерін есепке алуға қатысты ашықтық пен әділеттікті қамтамасыз ету екенін қазақстандықтардың көбі сезініп үлгерді.
Көпбалалы отбасыларға берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақыны отбасы балаларының санына қарай 4 балаға – 42500 теңге, 5 балаға – 53 125, 6 балаға – 63 750, 7 және одан көп баласы бар отбасыға 74 375 теңгеге дейін сараланған АЕК-ке еселенген мөлшерде белгілеу ұсынылған. Орта есеппен алғанда, жәрдемақы мөлшері әр балаға 10-11 мың теңге көлемін құрайды.
 – Қандай жағдайда атаулы әлеуметтік көмек тоқтатылуы мүмкін?
 – Айта кету керек, атаулы әлеуметтік көмек табысы аз отбасыларға, соның ішінде көпбалалы отбасыларға төленеді. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 проценті тағайындаудың шекті критерийі болып қала бермек.
Ал егер еңбекке қабілетті отбасы мүшесі ұсынылған жұмыстан және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шарасынан бас тартса, онда атаулы әлеуметтік көмек төлемі тек оған ғана емес, бүкіл отбасына тоқталады.
Халықты әлеуметтік қолдау тетігін жүйелі жетілдіру бағытында қолға алынған заң жобасын Үкімет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп шешуді нықтады. Бұл жөнінде өңірлерде түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырып, қазан айының соңына дейін тиісті заң жобасын Парламентке ұсынуды, сондай-ақ өңір әкімдеріне АӘК ұсыну турасындағы шаралардың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
– Сұхбатыңызға рахмет!
Әңгімелескен
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
29 қазан 2019 ж. 974 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930