"Дипломмен ауылға" бағдарламасы: 2020 жылы қандай өзгерістер енгізілді
«Дипломмен ауылға» жобасы Қазақстанда 10 жылдан астам уақыттан бері жүзеге асырылып келеді. Ол жас дәрігерлер, мал дәрігерлері мен мұғалімдер қазір білікті мамандар жетіспейтін ауылдарға жұмысқа баруы үшін әзірленген.
Бағдарлама басталғалы бері ауылдарға 5000-нан астам маман келген екен.
ЖОО келесі мамандықтар бойынша бітірген студенттер бағдарламаға қатысуға өтініш бере алады:
білім;
денсаулық сақтау;
әлеуметтік қамтамасыз ету;
мәдениет және спорт;
мал дәрігерлік;
2020 жылы мемлекеттік қызметкерлер «Дипломмен ауылға» жобасына қосылды.
Мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек келесі түрде көрсетіледі:
100 АЕК мөлшерінде бір реттік көтерме жәрдемақысы (2020 жылы 277 800 теңге);
тұрғын үйді сатып алу немесе салу үшін 0,01% жылдық сыйақы мөлшерімен 15 жылға дейінгі 1500 АЕК (2020 жылы 4 167 000 теңге) мөлшерінде несие беру.
әлеуметтік мекемелердің мамандары үшін лауазымдық жалақының тарифтік мөлшерден кемінде 25%-ға (қалалық жерлерде) өсуі.
Басты шарт - ауылға келген маман өз мамандығы бойынша кем дегенде үш жыл жұмыс істеуі керек.
Бағдарламаға қатысу үшін таңдалған елді мекенде жұмыс берушіні өзіңіз табуыңыз керек. Ауылдық мектептерге, ауруханаларға, мәдениет үйлеріне, спорт кешендеріне және т.б. жұмысқа орналасуға болады (өңірлердегі кадрлардың қажеттіліктері туралы мәліметтер облыстық әкімдік басқармаларының сайттарында орналастырылған).
Егер жұмыс орнын табу мүмкіндігі болмаса, түлек ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне немесе аймақтардағы жауапты қызметкерлерге жүгіне алады.
«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы сіз көтерме жәрдемақыны және бюджеттік несиені алуға онлайн режимінде өтініш бере аласыз.
Көтерме жәрдемақы алу үшін жаңа жұмыс орнында кадрлар бөлімі куәландырған білім туралы дипломның және еңбек кітапшасының көшірмесін өткізу қажет болады;
Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие алу үшін келесі құжаттар қосымша ұсынылады:
сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі;
неке туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
сол ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының иелігінде жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы ақпарат.
Тұрғын үй құрылысына бюджеттік несие алу үшін келесі құжаттар қосымша ұсынылады:
Маманның атына тұрғын үй салуға берілген жер учаскесін пайдалану құқығы туралы акт;
кепілге қойылған мүлікті бағалау актісі;
кепілге қойылған мүліктің сақтандыру шарты;
берілген несие мөлшерінен артық тұрғын үй құрылысының бір бөлігін қаржыландыруға жазбаша келісім;
неке туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
Бұрын берілген несиелер бойынша берешегі бар қызмет алушыларға әлеуметтік қолдау шаралары оларды толық өтегенге дейін (қаржылық ауыртпалықты болдырмау үшін) қарастырылмайды.