Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дипломмен ауылға: 7 мың жас маман көтерме жәрдемақы алады

Дипломмен ауылға: 7 мың жас маман көтерме жәрдемақы алады

Бүгінгі таңда «Дипломмен ауылға» бағдарламасы іске асырылып жатыр. Бұл жобаның мақсаты әлеуметтік тұрғыдан комектесу және агроөнеркәсіпке мамандарды ынталандыру.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 5 172 маманға бір реттік көтерме жәрдемақы берілді.

 Дәл осындай жәрдемақыны тағы 2 мың жас маман алады. Үкіметтің баспасөз орталығында баспасөз мәслихатын өткізген Ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысовтың айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда 6454 ауылды елдімекен бар. Министрлік әзірлеген жаңа әдістеме бойынша іріктеліп алынған 3 477 ауылды елді мекеннің 1 150-і тірек ауыл деп есептеледі. Сондай-ақ, тірек ауылдарға қарайтын ауылдардың саны 2 327. 6 454 ауылды елдімекенде 6 млн 600 мың адам тұрады. «Білікті мамандарды ауылға тарту бойынша Елбасының арнайы 10 жыл бұрын берген тапсырмасына сай бағдарламаға денсаулық сақтау және білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешенінде жұмыс істейтін дипломы бар мамандар қатысады. Жалпы, көтерме жәрдемақы – 100 АЕК-ке тең», - деді вице-министр.

Ермек Алпысовтың айтуынша, әлеуметтік қолдау ретінде тұрғын үй алу үшін бюджеттік несие де бар. Оның сомасы 1 500 АЕК-ке тең.

«Жалпы, 10 жылдың ішінде 27,5 мың адам 70 млрд теңгенің бюджеттік несиесін алды. Жылдан жылға несие алушылардың саны артып барады. Орташа есеппен максималды түрде қарасақ – 1 500 АЕК алған маман жалпы 15 жылдың ішінде соманың 6 пайызын ғана төлейді», - деді ол.

Вице-министр өз баяндамасында айтқандай, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2019 жылы 7 176 маман бір реттік көтерме жәрдемақы алады деп жоспарланған. Осы мақсатта бюджеттен 1 млрд 300 млн теңге бөлу көзделіпті. 1 шілдедегі жағдай бойынша 5 172 маман 911 млн теңгенің бір реттік көтерме жәрдемақысын алып қойған. Биыл 3 908 маманға тұрғын үй сатып алу үшін 14 млрд 800 млн теңге көзделген. 1 маусым бойынша 2 527 маман қоныс тойын тойлап үлгерді.
08 тамыз 2019 ж. 1 826 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 112

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930