Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тілсіз жауға қырағылық қажет

Тілсіз жауға қырағылық қажет

Қызылорда облысы әкімі орынбасарының 2020 жылғы 17 тамыз – 17 қыркүйек аралығында тұрғын үй секторларында және жем-шөп сақтау орындарында өрт қауіпсіздігі айлығын өткізу жоспары бекітілген болатын. Соған сәйкес өткен айдан бері ауданда бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Өрт қауіпсіздігі айлығына Қазалы ауданының азаматтық қорғау горнизонының қызметкерлері, «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанынан құрылған еріктілер және «ҚазТрансГазАймақ» АҚ аудандық газ шарушылығы және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері қатысты. Шара барысында табиғи газды пайдаланатын тұрғын үйлер араланып, көпшілікке түсіндірме жұмыстары жасалды. Сондай-ақ тұрғындарға жылыту маусымында тұрғын үйлерде табиғи газды пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздік шараларын сақтау және балалардың отпен ойнауына жол бермеу, бүлдіршіндерді қараусыз қалдырмау қатаң ескертілді.
Айта кетейік, Қазалы аудандық азаматтық қорғау горнизонының қызметкерлері және аудан еріктілерімен бірлесіп ауыл шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарына астық жинау және жем-шөп тасымалдау кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша да түсіндерме жасап шықты.
Шарадан кәсіпкерлер де тыс қалмады. Жыл көлемінде кентте сауда орындары мен кәсіпкерлік нысандардағы өрт пен жану оқиғаларының өршіп кеткені белгілі. Соған орай «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен аудан кәсіпкерлерімен арнайы кездесу өтті. Басқосу барысында азаматтарға «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, үнпарақтар таратылды.
А.БАҚЫТҰЛЫ
15 қыркүйек 2020 ж. 642 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 97

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930