Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қашықтан оқу: Мұғалім оқушыға үй тапсырмасын беруі керек пе?

Қашықтан оқу: Мұғалім оқушыға үй тапсырмасын беруі керек пе?

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқу кезінде ұстаздардың оқушыларға үй тапсырмасын беруіне қатысты ұстанымын айтты.
«Шынымен бұл мәселеге қатысты көп сауал бар. Бала дәстүрлі форматта оқыған кезде оның мектеп білім алатындығы, сыныпта сабақ барысында белгілі бір тапсырма берілетіндігі түсінікті. Ол оны орындайды, педагогтың сауалдарына жауап береді. Жұмыс осылай жүргізіледі. Содан кейін қайталау үшін үй тапсырмасы қосымша беріліп отыратын»,- деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай. Оның түсіндіруінше, қашықтан оқыту кезінде бала үйінде отырып білім алады. «Бала үйде отырып істеген оқу тапсырмасын жеке беріп, оның үстіне қайтадан екі есе көлемде үй тапсырмасын беру мақсатқа сай болмайды. Сондықтан балаларға жүктемені көбейтпеуді жөн көрдік. Өзге елдерде осындай үлгі де, зерттеулер де бар. Солардың негізінде әдістемелік ұсыным жасадық. Біз оқу және үй тапсырмасы деп бөлу жоқ екендігін айтып отырмыз. Тек оқу тапсырмасы ғана бар. Олар үйде отырып оқыған дүниені үйге тапсырма ретінде береді. Тапсырма көлемі біз ұсынған шектен аспауы тиіс», - деді Асхат Аймағамбетов.
10 қыркүйек 2020 ж. 601 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 107

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930