Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Саяси сәтте сәттілік тілеймін

Саяси сәтте сәттілік тілеймін

Елімізде «Nur Otan» партиясының ішкі праймеризі басталып кетті. Бұл – демократия мен азаматтық қоғамды дамытуға серпін беретін, нағыз көшбасшыларды қарапайым ел арасынан табуды көздейтін игі қадам.

Көшбасшы партия қолға алған праймеризге қоғам қызығушылық танытып отыр. Себебі, іріктеуде үміткерлерге тең мүмкіндік берілген. Ерекше айта кетерлігі, әйелдер қауымы мен жалынды жастарға праймериз арқылы саясатқа араласып, өзін тұлға ретінде танытуға зор мүмкіндік беріліп отыр.
«Мықты лидерлер – мықты партия» қағидасын басшылыққа алатын саяси доданы ашық, таза әрі әділ өткізу – біздің міндетіміз.
«Қоғамда пікірін ашық айтып, ел мәселесін қозғап жүретін азаматтар көп. Праймериз арқылы сол азаматтар партияның кадрлық резервіне алынып, жергілікті деңгейдегі мәслихаттарға, Мәжіліске ұсынылады.
«Nur Otan» партиясының Қазалы аудандық филиалы праймериз өткізуге бірнеше айдан бері дайындық жүргізді. Ауданда аталған шараны жоғары деңгейде өткізу бойынша кешенді жоспар әзірленген. Арнайы Ережесі, күнтізбелік жоспары, ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі медиа-жоспары бекітілген. Ұйымдастыру комитеттері (8 адам) мен есеп комиссияларының (5 адам) құрамдары жасақталған.
Бүгінгі таңда Қазалы ауданында 4884 партия мүшесі бар. Олар 27 бастауыш партия ұйымдарына тіркелген. Ауданымызда дебат өткізуге 6 арнайы орындар әзірленді.
Қазіргі таңда ішкіпартиялық іріктеу праймеризге қатысуға ауданымызда 65 адам құжат тапсырса, олардың 19-ы әйелдер, 22-сі жастар және 3 көп балалы ана ниет білдіріп отыр.
Биыл ел қауіпті індет салдарынан қиын күндерді бастан өткеріп жатыр. Карантин талаптарын қатаң сақтау бүгінгі күннің басты талабы болып отыр. Сондықтан праймеризде онлайн түрде тіркелуге және дауыс беруге жағдай жасалды.
Ішкіпартиялық іріктеу кезінде партиялықтармен партия бағдарламаларында өз шешімін табатын өзекті, нақты жергілікті мәселелер анықталатын болады. Сондықтан саяси додада бақ сынайтын партияластарға сәттілік тілеймін!
Қасқырбек МӘМБЕТЖАН,
"Nur Otan" партиясы Қазалы аудандық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары
27 тамыз 2020 ж. 1 221 0

Көңіл толқытқан трагедия

24 қаңтар 2026 ж. 139

Күймен көмкерілген кеш

24 қаңтар 2026 ж. 156

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031