Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуметтік баспана қыркүйек айында тапсырылады

Әлеуметтік баспана қыркүйек айында тапсырылады

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы сатылатын бірқатар қолжетімді тұрғын үй құрылысының басында болдым. Әлеуметтік баспананың кезекті партиясын қыркүйек айында тапсыруды жоспарлап отырмыз. (Омаров көшесі, 23/1, Айтматов көшесі, 27, Мұхамедханов көшесі, 28, 28а, 28б).
Сонымен бірге аулаларды абаттандыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Мысалы, Омарова, 23/1 келесі жылы ауладан басқа қоғамдық кеңістікті абаттандыруға кірісеміз. Жаңа тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында әлеуметтік нысандар ашылады: ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталықтары, медициналық мекемелер, балаларға арналған үйірмелер және т.б. Аудан тұрғындары үшін медициналық жедел жәрдем станциясы жұмыс істеп тұр.
Сонымен қатар, кезекте тұрғандарға (халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына) тұрғын үй салу бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз. "Қазақстандық ипотекалық компаниямен" бірлесіп биыл дәрігерлерге, мұғалімдерге, әлеуметтік қызметкерлерге, полицейлерге, мәдениет және спорт қайраткерлеріне арналған тағы 1 мың әлеуметтік пәтер береміз. Келесі жылдарға да дайындаламыз", деп жазды Алтай Көлгінов.
26 тамыз 2020 ж. 503 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930