Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарашада күніне 80-100 адам коронавирустан қайтыс болады

Қарашада күніне 80-100 адам коронавирустан қайтыс болады

Қарашаның басында Қазақстанда күніне 80-100 адам коронавирустан қайтыс болады деп есептейді Алмаз Шарман.
«Вашингтон университетіндегі Chris Murray моделіне сәйкес, қараша айының басында Қазақстанда COVID-19 дертіне 50 мың адам шалдығып, күніне 80-100 адам қайтыс болады. Джонс Хопкинс университетінде көп жыл қызмет еттім, әлі де әріптестеріммен академиялық байланыстамын. COVID-19-тың жағдайына байланысты ары қарайғы жағдайды ескеріп, денсаулық сақтау саласын модернизациялап, экономикасын жеделдету бойынша Үкіметке жоба ұсынған едім», – дейді Алмаз Шарман Асқар Маминмен «Ел үміті» бағдарламасы аясында өткен кездесуде.
«Диабет ауруымен ауратындар, семіздікпен күреспегендер, жүрегі ауратындар, метабиологиялық синдромы бар жандарға коронавирус жұқтыру 80 пайыз қауіпті. Осыған байланысты ресурстарды созылмалы аурулары бар жандарға жұмсау керек. Деннің саулығы бала кезден шынығудан басталады. Сондықтан ата-аналар мен ұстаздар бұған аса мән бергені жөн» деп есептейді профессор.
Алмаз Төрегелдіұлының сөзінше, қоғамдық денсулық сақтау мамандары БҰҰ, ЮНИСЕФ балалар қорларымен тығыз байланыста. Паденияға байланысты жұмыстарды қаржыландыруға екі жақты қызығушылық танытып отыр.
Балалардың санасын өзгертіп, басқа құндылықтардың маңызды екенін ұқтыру аса қажет деп есептейді медицина маманы. Сонда олар пендемияға да, басқа да ауыр жағдайларға дайын болады.
24 тамыз 2020 ж. 634 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930