Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қанаттың ұшақта көрпе сұрағаны, "полиция тоқтата ма?" дегенінің бәрі өз басынан өткен жайттары

Қанаттың ұшақта көрпе сұрағаны, "полиция тоқтата ма?" дегенінің бәрі өз басынан өткен жайттары

Қанат Әлжаппаров екі жыл оқуға түсе алмай совхозда жұмыс істеген. Сахнада айтқан әзілдері шындығында да өз басынан өткен жайттар. Тұрсынбек Қабатовтың шақыруымен театр сахнасында жұмыс істеген. Қанат Әлжаппаров балалық шақтан өнерге келген кезіне дейін айтып берді.
"Мен бала кезімде бұзықтау болдым. Тентектік жасайтынмын. Сабағым да жақсы болған жоқ. Дене шынықтыру сабағынан 4 алған соң ойлай беріңіз. Тек еңбектен 5 деген алдым. Мектеп бітірген соң екі жыл оқуға түсе алмай, ауылда шөп шаптым. Совхоздың жұмысын істедім. Екі жылдан соң Қызылордадағы агроколледже оқуға түстім. Мамандығым - теміржолшы", - деді әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен болған әңгімесінде.
Қанат Әлжаппаров мамандығы бойынша емес, аймақтағы филормонияда жұмыс істеген.
"Театрда әртіс болып жұмыс істедім. Гастрольге шығып, сахналық көрініс ойнайтыбыз", - деді ол.
Әзілкеш колледж атынан КВН-ге шығып, сахнаға жол тапқан.
"КВН-ге лақпа әзілді әкелген Қанат Әлжаппаров. Қанатты көрермені бірден қабылдады. Лағып әзіл айтатын. Оны көрермені түсінетін. Ол КВН ойнап жүргенде мен әділқазы болдым. Кейін сахнаның сыртына шақырып алып, өз театрыма шақырдым. Ол бастапқыда қашқақтады. Кейін келісті. 4 рет сахналық монологінен кейін ол нағыз жұлдызға айналды. Қандай әзіл өтетінін, қалай айту керек, қалай жеткізу керек екенін түсініп, пісіп алды", - деді Тұрсынбек Қабатов.
Қабатов Қанаттың айтқан әзілдері өз басынан өткен жайттары екенін айтты.
"Бірде Қанат театрдағы жігіттерге қалай астанаға келгенін, ұшақта көрпе сұрап жүргенін, жолаушыдан "сіз қай жерден түсіп қаласыз?" деп сұрағанын айтып тұр екен. Мен киініп жатып естідім. Жігіттер естіп күліп жатыр. Сосын Қанаттың қолындағы сценарийін алып алдым да, жаңағы айтқан әзілдеріңді сахнада айтып шық дедім. Автоматты салушы едің ғой. Соны шығар дедім. Ол айта алмаймын деп азар да безер болды. Айтасың деп, сахнаға шығарып жібердім. Қанат сахнаға еш дайындықсыз, шыға сала басынан өткендерін айта бастады. Ұшақтағы стюардессаны жолсерік екен деп көрпе сұрағанын бәрін айтып жатты. Халық ду күледі. Бір әзіл айтса, бәрі күледі. Қанат бұның өтімді екенін ұққан соң, өзі де қуланып алды. Арасында қосатын жерін қосып, алатын жерін алып айтып шықты. Осылай 4 рет шықты. Халық Қанатты бірден қабылдады. Қанат халыққа қандай әзіл айту керек екенін тез үйреніп алды", - деді театр басшысы Тұрсынбек.

03 тамыз 2020 ж. 894 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 58

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930