Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көшенің көркі артты

Көшенің көркі артты

Бүгінде ауданымыз күн санап ажарланып, ауқымды шаралар атқарылып жатыр. «Жол картасы» аясында көптеген жұмыстар бір жақты болып, қайта жаңғыртудан өтуде. Сол қатарда Әйтеке би кентіндегі М.Ғабидуллин көшесі де бар. Оған облыстық бюджеттен 52,3 миллион теңге қаржы қаралып, құрылыс жұмыстарына аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы жергілікті жерден 20 адам тартылып, барлығы өз нәпақаларын тауып жүр.
Жалпы бұған дейін көше жағдайы көңіл көншітпейтін. Себебі көктем мен күз мезгілдерінде мектепке бару балалар үшін үлкен мұң болатын. Десек те ендігі көше тұрғындарына бұл жайында алаңдауға негіз жоқ. Өйткені М.Ғабидуллин көшесіне жөндеу жүргізілуде. Көпшілік көңілге кірбің ұялататын мәселенің оң шешім тапқанына дән риза. Жауаптыларға алғыс жаудырып, ыстық ықыластарын жеткізуде.
Айта кетейік, көшеге 2 қабат асфальт төселіп, тротуар салынуда. Тапсырыс беруші аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі. Сондай-ақ жағалай жарықшамдар орнатылып, тұрғындарды титықтатқан аяқсу желілері де ауыстырылып жатыр. Мердігер мекеме «Нұрас и К» ЖШС құрылыс жұмыстарын тиянақты жүргізуде.
Аудан орталығында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқаны қуантады. Тіпті жыл басынан бері кентте 30-ға жуық көше ­асфальтталып, қиыршық тас төселіп үлгерді. Осы сынды қарқынды жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады деген үлкен үміттеміз.
Абзал ЖОЛТЕРЕК
31 шілде 2020 ж. 517 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 77

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930