Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирусты зерттеуде Роберт Кох институты көмектеседі

Коронавирусты зерттеуде Роберт Кох институты көмектеседі

Қазақстан Германиядағы Роберт Кох институтында референтті зерттеу жүргізу бойынша ДДСҰ Еуропа бюросымен келісімге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кетсек, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ДДСҰ-ның Еуропалық бюросы жүргізген техникалық кеңесті есепке ала отырып, Қазақстанда КВИ жағдайларын кодтау мен тіркеуде халықаралық аурулар квалификациясының жаңа кодына өту туралы шешім қабылданғанын хабарлаған еді.
«COVID-19 жағдайларын тіркеудің жаңа амалын қолдану жұқтыруы мүмкін пациенттерді түгел қамтып, статистикалық амал-әдістердің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Біз ДДСҰ-ның кеңесін толық қолдануға дайынбыз», – деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. ДДСҰ-ның Еуропа бюросының сарапшылары техникалық кеңес барысында Қазақстан ДДСҰ зертханасында Германиядағы Роберт Кох институтында референтті зерттеу жүргізу бойынша ДДСҰ Еуропа бюросымен келісімге келген.
«Бұл коронавирус пандемиясына қарсы күресте біздің мемлекет ашық саясат жүргізетінін көрсетеді. Біз ДДСҰ кеңесін басқа мемлекеттер де қолданады деген үміттеміз», – деді ол.
syrboyi.kz
17 шілде 2020 ж. 771 0

Толымды тарту

04 қараша 2025 ж. 124

Мәңгілік мұраның мекені

04 қараша 2025 ж. 103

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930