Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бас мүфти дін қызметкерлеріне мемлекеттік тілді білуді міндеттеді

Бас мүфти дін қызметкерлеріне мемлекеттік тілді білуді міндеттеді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы діни басқармаға қарасты имам-ұстаздардың лауазымдық міндетін тағы бір жаңа міндетпен толықтырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы muftyat.kz-ке сілтеме жасап.

Бас мүфти бұйрығы бойынша, діни басұарма қызметкерлері, республикалық маңызы бар қалалардың, облыстардың бас имамдары мен наиб имамдары, қала, аудан, ауыл имамдары мен наиб имамдары және ұстаз, азаншы, молдалардың мемлекеттік тіл – қазақ тілін білуі міндеттелді. Одан бөлек ресми тіл – орыс және Құран тілі – араб тілін білуі қажет.
"Біздің еліміз Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Қазіргі таңда ҚМДБ-ның имам-ұстаздары қатарында өзге ұлт өкілдері де бар. Сондықтан олардың мешіт жамағатымен алтын көпір орнатуы үшін мемлекеттік тілді білуі маңызды", - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы шариғат бойынша балиғатқа толған, ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылманға Рамазан айында ораза ұстау – парыз екенін жеткізді.
Дегенмен ораза ұстамаса болатын санатқа кіретін жандарды айтып өтті.
"Жолаушыларға, сырқаттанған немесе денсаулығы нашар адамдар ауруының асқынуынан қауіптенсе және сенімді дәрігер ұзақ уақыт бойы ашығудан денсаулығы күрт нашарлап кетуі мүмкін деген шешім қабылдаса, сонымен қатар жүкті немесе омырауда баласы бар әйелдерге ораза тұтуды кейінге қалдыруға шариғат рұқсат береді", - деді бас мүфти. Сондай-ақ, елдегі төтенше жағдайға байланысты тарауық намазы мешіттерде жамағатпен оқылмайтыны белгілі болды.
Бұл індеттің таралуының алдын алу мақсатында жасалып отыр.
07 мамыр 2020 ж. 781 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930