Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әрбір ауыртпалықтың жеңілдігі бар

Әрбір ауыртпалықтың жеңілдігі бар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілде күнін коронавирустан көз жұмғандарды Ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Аты жаман індет əлемге, оның ішінде барша халқымызға келген ауыр сынақ болғаны даусыз.
Індет салдарынан қанша адам жақындарынан, аудандағы атқа мінер азаматтарынан айырылды. Біз барлығының қайғысына ортақтаса отырып, отбасы-жақындарына көңіл айтамыз.
Алла Тағала Құран Кәрімде «Расында әрбір ауырлықпен бірге жеңілдік бар» деген. (Шарх сүресі 5 аят) Алла осы ауыртпалықтың артынан жеңілдігін нәсіп етіп, індеттің бетін аулақ еткей.
Аза тұту күніне орай ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен мешіттерде Хатым Құран оқып, қаза болған жандарға сауабын бағыштаймыз.
Алла елшісі (с.ғ.с) «Мұсылманға не кезіксе де, ол мейлі шаршау болсын, ұзақ ауру болсын, мазасыздану болсын, қайғы болсын, қолайсыздық болсын, керек десең тікенектің шаншығаны болсын, Алла Тағала ол үшін міндетті түрде күнәләрінің бірін кешіреді”, – деп айтқан.
Ауырып жатқан кісілердің дерттеріне Алладан шипа тілейміз. Тез сауығып шықсын.
Берік СҮЛЕЙМЕНОВ,
Аудандық орталық «Жанқожа батыр» мешітінің бас имамы
14 шілде 2020 ж. 802 0

Тілегіміз – бейбіт күн

10 мамыр 2025 ж. 55

Ардагерлер ардақталды

10 мамыр 2025 ж. 60

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031