Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қиын күндер артта қалсын

Қиын күндер артта қалсын

Ажал айтып келмейтіні баршаға аян. Дегенмен соңғы уақытта елде қайтыс болған жандардың қатары жиілеп, қайғыдан қабырғасы қайысқан отбасылардың саны артып кетті. Тіпті бір шаңырақтың бірнеше адамы көз жұмғанын естіп, жүрегіміз езілді. Алайда қолдан келер шара жоқ. Жақын-жуығынан айырылып, қайғы-мұңның ащы дәмін татқан ағайынға басу айтудан басқа амал бар ма?!
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні етіп жариялады. Бүкіл халық болып, коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды бір минуттық үнсіздікпен еске алдық. Оларға деген құрмет, сағыныш бұнымен басылмайды. Алла алдарынан жарылқап, пейіштің төрінен орын бұйырғай.
Әр отбасына көңіл хошын білдіре отырып, ардақты жандардың артында қалған ұрпақтарын сабырға шақырамын. Ендігі жерде шаңырақтарыңызда тек қуаныш болсын!
Бүкіл әлем халқы осы індетпен күресуде. Біздің елде де сауықтыру шаралары атқарылуда. Бұл күндердің де артта қалып, мамыражай мезгілдің туарына сенейік. Көп болып күресе білейік. Бір-бірімізге қолдау танытып, өзіміздің және өзге жандардың денсаулығы, амандығы үшін бекітілген ережелерді қатаң ұстануға шақырамын.
Ажаркүл АЛДАЖАРОВА,
Қазақ КСР Мемлекеттік
сыйлығының иегері,
Қазалы ауданының Құрметті ­азаматы
14 шілде 2020 ж. 877 0

Тілегіміз – бейбіт күн

10 мамыр 2025 ж. 55

Ардагерлер ардақталды

10 мамыр 2025 ж. 60

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031