Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада қызметтік көліктер жедел жәрдем қызметін атқарады

Қызылордада қызметтік көліктер жедел жәрдем қызметін атқарады

Қызылорда әкімдігіне қарасты 23 қызметтік көлік бүгінде облыс орталығындағы емханаларға қосымша көмек ретінде қызмет көрсете бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облысында коронавируспен күресте бірқатар шектеу және алдын алу жұмыстары жүргізілді. Бүгінде қала әкімдігі тарапынан карантиндік режим кезінде меншік нысанына қарамастан барлық субъектілердің санитариялық-дезинфекциялық режим талаптары бақыланып отыр. Осы мақсатта 14 мониторингтік топ құрылды. «Оның құрамында: қалалық прокуратура, қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы, қала әкімдігі, қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің мамандары бар. Мамандар бүгінге дейін қала аумағында орналасқан 5000-нан астам нысанды аралап, тиісті түсіндірме шараларын тұрақты жүргізіп келеді. Қала аумағында коронавирус және пневманияға байланысты тұрғындар тарапынан шақырту күрт көбейген. Осыған байланысты қала басшылығы облыс орталығындағы емдеу орындарына қосымша көмек ретінде әкімдікке қарасты мекемелерден барлығы 23 қызметтік көлікті жедел жәрдем қызметіне пайдалануға берді. Бүгінгі таңда аталған қызметтік көліктер арқылы тұрғындардан түскен 1 мың 341 шақырту орындалған.
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, қала әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы және қала әкімдігіне қарасты дербес бөлім басшылары бөлініс бойынша қала аумағындағы барлық ауруханалар мен емханаларға жауапты ретінде бекітілді», - деді Қызылорда қаласының әкімдігі. Мәлім болғанындай, жауапты мамандар құзырлы органдармен бірлесе отырып, медициналық нысандарға қажет етілетін құрылғылармен қамтамасыз ету мақсатында аталған нысандарды күнделікті бақылауға алып отыр. Сондай-ақ, қала әкімі аппаратының қызметкерлері барлық дәріханаларда дәрі тапшылығының алдын алу бағытында күнделікті мониторинг жүргізуде.
«Тағы бір айта кетерлігі, бүгінде қала аумағында орналасқан медициналық ұйымдарға күніне 400-ге жуық оттегі баллоны қажет. Қазір сол тапшылықты жою мақсатында бұл іске еріктілер, қоғамдық ұйым өкілдері, кәсіпкерлер, жастар өкілдері, елдің жанашыр азаматтары тартылды. Осы ретте М.Ералиев, М.Наримова, Н.Байжігіт, Р.Есенов. Л.Ризванова секілді кәсіпкерлер кислород баллондарымен көмектесуде. Қала әкімдігі тарапынан індетпен күресіп жатқан дәрігерлерді орналастыру үшін «Сырдария» лагерінен 100 орын дайындалды. Ал «Қызылорда» қонақ үйінің директоры Қ.Боранбаевтың қолдауымен сол жерден дәрігерлерге 137 орын берілген. Дәл осындай қамқорлықты «Bella Vista» кешені де жасап отыр», - деді әкімдіктен.

09 шілде 2020 ж. 525 0

ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды

26 желтоқсан 2024 ж. 81

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031