Карантин көпшілік орындардан шектейді
Алғашқы карантиннің аяқталғанына бір айдан аса уақыт өтті. Содан бері жұртшылық әлемдік пандемияға айналған індеттің зардабын, оның адам жанын алатын күші бар екенін ұмытып кеткендей. Өйткені қазіргі таңда Covid-19 жұқтырғандар саны 44 мың адамнан асып кетті. Одан жазылып шыққандар 15 мыңға жақындаған. Десек те жұқтырушылар мен емделгендердің арасындағы алшақтық жаға ұстатады. Жақында мемлекет басшысы да жұрттың індетті елемей жайбарақат жүргенін, бұған жауаптылардың ақпараттандыру мен сақтық шараларын ұйымдастыруда жіберген қателіктерін баса айтты. Сөйтті де бірқатар ақжағалыға сөгіс жариялады. Ал мемлекеттік комиссия бүгін түнгі сағат 00:00-ден бастап енгізілетін жаңа шектеулерді жариялады.
Жаңа карантин ережелері қашан аяқталатыны әзірге айтылмай отыр. Осы сәтте оқшаулау шаралары екі аптаға созылатыны белгілі. Аталған мерзім ішінде сауда орындарындағы ойын-сауық орталықтары, көңіл көтеру орындары, балаларды сауықтыру лагерьлері мен фудкордтар жұмысын тоқтатады. Сұлулық салонына барып, шаш қидыруды жоспарлағандар да бүгіннен қалмай бармаса ертең нысандар есігіне құлып салынады. Сол сияқты фитнес орталықтар, азық-түлік және азық-түлік емес жабық базарлар, жазғы демалыс орындары, жағажайлардың жұмыс істеуіне уақытша тыйым салынады. Бұл аз десеңіз, мәдени бұқаралық барлық іс-шаралар тоқтатылып, діни нысандар жабылады.
Бірақ көпшілік көбірек мұқтаж, мемлекет тарапынан рұқсат етілген бірқатар нысандар тірлігін жалғастыра береді. Мәселен, медициналық орталықтарға алдын ала жазылып, көрінуге рұқсат. Қазір басты қажеттілік саналатын дәріханалар, азық-түлік дүкендері мен ашық базарлар күшейтілген санитарлық-дизинфекциялық талаптарды сақтай отырып жұмыс істейді. Ашық ауадағы автокөлік жуу және жөндеу орталықтары қоғамдық тамақтану орталықтары ашық болады. Бұдан бөлек үздіксіз өндірістік айналымы бар құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындары мен балық, мал, ауыл шаруашылығы жұмысына шектеу қойылмайды. Тек халыққа қызмет көрсету орталығы мен банктер уақыты келгенде қойылатын шектеулерге байланысты тұтынушыларды қабылдай береді.
Бұдан кейін ауданда дезинфекциялық тазартуға көбірек мән беріледі деген сенімдеміз. Өйткені қоғамдық орындар мен көшелерді залалсыздандыру ісі ауданда кенжелеп тұр. Халықтың бір бөлігі мекемелерде жұмыс істейтіндіктен онда да қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілсе нұр үстіне нұр болар еді. Дегенмен қызметкерлердің 80 проценті әзірге қашықтан жұмыс істеу тәртібіне бағынады.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ