Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шектеу шаралары жеңілдетілді

Шектеу шаралары жеңілдетілді

Қазіргі таңда ел бойынша коронавирус індетін жұқтырғандар 11 300 адамнан асып кетті. Оның жартысына жуығы аурудан құлан таза айықты. Ал өңірде 400-ден астам науқас тіркеліп, 240-тан астамы емделді. Сарапшылар вирус жұқтырғандар саны ең жоғарғы көрсеткішке жетіп, кему үрдісі жүретінін мәлімдегенімен тәжді вирустың беті қайтпағаны анық. Бертін келе сырқаттан айыққандар қатары артып келе жатқанымен, жұқтырушылар да табылып жатқанын біліп отырмыз. Дегенмен ел үкіметі тіршілікті қалпына келтіру шараларын бастап кетті. Карантин ережелері жеңілдетіліп, кезең-кезеңімен тұрғындар кәсіптерін іске қосуда. Осы орайда дүйсенбіден бастап карантинге енгізілген өзгерісті назарларыңызға ұсынамыз.
Бұған дейін уақыт шектеулерімен жұмысын бастаған қоғамдық монша мен сауналар, автокөлікті техникалық тексеру мен қызмет көрсету станциялары, көлік жуу, желімдеу қызметтерінің, сондай-ақ фитнес клуб, бассейндер мен, ашық жағажайлар сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істей алады. Сонымен бірге компьютерлік және интернет клубтар, бильярд, букмекерлік кеңселер мен лотереялық орталықтар аталған уақытқа дейін тұтынушыларға қызмет көрсетуге рұқсат берілді.
Бұдан бөлек тұрмыстық техникаларға көрсетілетін сервис, жарнамалық агенттіктер мен сұлулық салондары кешкі сағат 20:00-ге дейін ашық болады. Тек көлемі 500 шаршы метрден асатын бөлек тұрған азық-түлік емес тауарларды сататын нысандардың тіршілігі 19:00-ден аспай тоқтауы тиіс. Қосымша білім беру орталықтары да барлық сыныптар үшін 10 адамнан аспайтын арақашықтықты сақтай отырып, сабақ өткізе алады.
Қоғамдық тамақтану және жазғы алаңдары бар таза ауада қызмет көрсететін объектілерінің жұмыс уақыты сағат 11:00 мен 23:00-ге дейін ұзартылды. Бірақ келушілердің саны бір мезетте 30 адамнан аспауы қатаң ескертіледі. Бұған қоса демалыс парктерінде серуендеушілер аталған уақытта демалыс аумағын босатулары шарт.
Облыстық мемлекеттік Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес мәдениет, өнер және архив нысандарының жұмысын көрерменсіз, келушісіз толықтай іске қосылды. Спорт нысандары, емдік-сауықтыру орындары мен шипажайлар да төтенше жағдай режиміне дейінгі уақыттағыдай тірліктерін жалғастыра береді. Өйткені кешегі күннен ­бастап эпидемиологиялық ахуал күрделі қала, аудан, елді мекендерді қоспағанда облыс бойынша орналасқан барлық блок-бекеттер алынып тасталды.
Аймаққа кіреберістегі шектеулер алынғандықтан адамдар басқа қалаларға сапар шегетіні түсінікті. Сол себепті күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтай отырып, автобус бен ауданаралық (облысішілік, қалааралық) тұрақты тасымалдау маршруттарын, сондай-ақ облыс аумағындағы автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері бүгіннен бастап жолаушылар тасымалдай береді. Сонымен бірге автобус бен облысаралық (республикаішілік, қалааралық) тұрақты тасымалдау маршруттарының кедергісіз жолға шығуына болады.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
02 маусым 2020 ж. 989 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031