Балабақшалар жұмысы басталады
Қазалыда балабақшалардың кезекші топтары 1 маусымнан бастап жұмыс жасайды. Облыстың бас санитар дәрігерінің 2020 жылғы 10 мамырдағы №12 қаулысына сәйкес төртінші кезеңде Қызылорда облысы бойынша кезең-кезеңмен іске қосылатын салалар мен ұйымдардың тізімі жарияланды. Осы орайда ағымдағы жылдың 18 мамырынан балабақшаларда кезекші топтарды ашу көзделген болатын.
Қазалы ауданында мемлекеттік балабақшалар жаз айларында үздіксіз жұмыс жасауы үшін 11 мамыр – 1 маусым аралығында ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуіне, жеке балабақшалардың «Коронавирус бойынша карантин кезіндегі кезекші топтары бар мектепке дейінгі ұйымдардың жұмыс істеу тәртібі туралы» алгоритміне, «Мектепке дейінгі білім беру объектілерінде санитарлық-дезинфекциялық тәртіпті сақтау» талаптарын сәйкестендіру шараларын жүргізуіне орай балалардың денсаулық қауіпсіздігін сақтау үшін балабақшаларда кезекші топтарды ашу уақыты 2020 жылдың 1 маусымына шегерілді», – деп мәлімдеді аудандық білім бөлімі фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Жағдайға орай ата-аналардың түсіністікпен қарауын сұраған бөлім қызметкерлері кезекші топтарға баланы үйде қалдыруға мүмкіндігі жоқ, жұмыс істейтін ата-аналардың, одан кейін ғана басқа ата-аналардың қалауы бойынша балалар қабылданатындығында атап кетті. Кезекші топтағы бала саны 15-тен артпауы тиіс және 15-тен асқан жағдайда басқа да кезекші топтар ашылады. Ата-аналар мынадай ережелерді есте ұстауы керек. Алдымен балалар учаскелік педиатр арқылы денсаулығы жөніндегі анықтамасы болуы және тәрбиешіге баланың балабақшаға келетін күнін айтуы тиіс.
Кез келген аурудың белгілері байқалған баланы МДҰ-ға апармаған, оған бала келмеген себебі туралы тәрбиешіге алдын ала хабарлап отырған жөн. Балаға өзімен бірге балабақшаға ойыншық және басқа да заттарды әкелуге болмайды. Шкафтың ішін тазалау үшін бос қалдыру ұсынылады және балабақшада тәрбиеленушінің тек күнделікті киетін киімі болуы керек.

Ұлболсын ЕРБОЛҚЫЗЫ