Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ардагер құрметтелді

Ардагер құрметтелді

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай Сыр елінің ардагерлеріне Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың құттықтауы жеткізілді.

Жеңіс мерекесі күні Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Б. Жарылқапов ҰОС ардагері, 97 жастағы Смағұлұлы Қабақ қарияның шаңырағында болып, облыс әкімі Г.Әбдіқалықованың мерекелік құттықтауын табыстады.

ҰОС Жеңістің 75 жылдығына орай бюджет есебінен әр ардагерге 1 миллион 100 мың теңгеден төлемақы беріледі.

Қабақ Смағұлұлы 1923 жылғы 1 шілдеде Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылында дүниеге келген.
1942 жылы әскер қатарына шақырылған. Туланы азат етуге қатысқан. Орел қаласы бағытында ауыр жараланып, Горький қаласындағы әскери госпитальде тоғыз ай емделген. Сол жылдың желтоқсан айында соғысқа қатысып, 1943 жылы ауыр жарақат алып, елге оралған.

Соғыстан кейінгі жылдары Жаңабасшылық, Октябрь колхоздарында ферма есепшісі болған. Одан кейін № 24 мектепте, аудандық оқу бөлімінде, санаториялық мектеп-интернатта қызметтер атқарған.

ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «СССР Қарулы күштеріне-70 жыл», «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 30, 40, 50, 60, 65 жылдығы» медальдарымен марапатталған.

Бүгінгі күні 10 бала тәрбиелеп, 31 немере 16 шөбере сүйіп отыр.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
10 мамыр 2020 ж. 1 244 0

Тасбақа тағылымы

18 қазан 2025 ж. 146

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031