Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұдырықтай жұмылсақ, бәрін жеңеміз

Жұдырықтай жұмылсақ, бәрін жеңеміз

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай кезіндегі ел ахуалына байланысты мәлімдеме жариялады. Онда Мемлекет басшысы бүгінге дейін сабырлылық танытып келген қазақ халқына алғыс білдіріп, төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзарту туралы шешім қабылдағанын жеткізді.
Бұл дегеніміз тұрғындардың вирустан амандығын тілеп, халық қамын ойлаған орынды талап.
Сонымен қатар 42500 теңгені алатындардың қолына осы айда тағы да әлеуметтік төлем тиетін болады. Мұның өзі жұмыссыз қалған жұртшылық мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау екені анық. Президенттің «қазіргідей күрделі кезде әрбір азамат біздің назарымызда болады. Мемлекет ешкімді қиындықта қалдырмайды» деген сөзінен бүгінге дейін тәртіпке бағынған халық, алдағы уақытта да қамқорлықсыз қалмайтынын сезінді.
Бүгінге дейін 4 миллион 250 мың азаматқа қаржылай көмек көрсетілген. Және де 570 мыңнан астам тұрғынға азық-түлік таратылған. Сонымен бірге 1,1 миллионнан астам адамды азық-түлікпен қамтамасыз ету жоспарлаған. Соған орай ішіп жем пакетіне деп берілетін төлем тоқтамайтын көрінеді. Елімізде азық-түлікке тапшылық жоқ екенін айтқан Мемлекет басшысы тауарлар бағасы бақылауда ұсталатынын баса айтты.
Екінші кезең басталып кетуі бек мүмкін деген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл шараларға көпшілікті түсіністікпен қарауға шақырды. Мейілінше сыртқа шықпауды сұрады. Басты байлық – ел денсаулығы екенін еске салды.
Жақын күндері банктер мен халыққа қызмет көрсету орталығы өз жұмысын қайта бастамақшы. Дегенмен барлығы қатаң бақылауда болып, дезинфекция жұмыстарын жүргізіп, сақтық шаралары жүйелі орындалуы қажет.
Жұртшылық қамын басты орынға қойған ел Президентінің «жұдырықтай жұмылсақ, кез келген қиындықты жеңеміз» деген пайымды ойы көңілдерге сенім ұялатты. Шындығында да аты жаман індеттен жедел өтуді ойласақ, тәртіпке бағынып, бәріне шыдамдылықпен атсалыса білгеніміз жөн.
Совет БАБАНАЕВ,
аудандық жұмыспен қамту,
әлеуметтік бағдарламалар және
азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы
27 сәуір 2020 ж. 690 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 132

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930