Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Онлайн оқудың орны

Онлайн оқудың орны

Бүгінде індетпен арпалысып жатқан әлем мемлекеттері қатарында біздің елде бар. Күн санап саны артқан вирустың қай уақытқа дейін созылатыны да беймәлім. Аты жаман індет елге келеді дегеннен-ақ әр қаладағы оқу орындары студенттері тұрғылықты жерлеріне қайтарылып, қашықтан оқуға көшті. Бұл дегеніміз мұғалімдер сабақты онлайн жүргізіп, әлеуметтік желі арқылы тапсырма беріп, білім алушының өз үйінде отырып жауап қайтарғанын күтеді. Шындығында ауылдарына тарап кеткен студенттердің жай-күйі қалай? Олар немен айналысып жүр?
Расында үйінен жырақ кеткен студенттердің кері қайтарылуы туралы заң өз күшіне енгенде көптеген білім алушылар шаңырағына жетуге асықты. Білім саласы мамандарына әрбір студенттің күн сайын не істеп, не қойғанын қадағалау мұғалімдерге міндеттелген. Білім алушыларға әлеуметтік желі арқылы тапсырмалар беріліп, жауабын колледж сайтына уақытылы салуы жүктелген. Ауылға қайтты демесеңіз, студенттің оқу орнындағы міндеті өз қалпында.
Шыны керек аудан айналасындағы кейбір ауылдарда сайтқа кіру үшін желінің ұстай қоюы екіталай. Соның салдарынан білім алушылар берілген тапсырманы WhatsАpp арқылы орындап отырған көрінеді. Ұстаздарымен бірге чатта бас қосып, сол жерде барлығын талқылайтын көрінеді. Төтенше жағдай кезінде ауылда жүрген студенттердің жай-жапсарын білу үшін Қазалы гуманитарлық-техникалық колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Берік Нағашыбайға жолықтық.
– Елдегі төтенше жағдайға байланысты ауыл-аймақта тұратын білім алушылардың барлығы өз үйлеріне тарады. Десек те қашықтан оқыту арқылы уақытылы тапсырма беруді ұмыт қалдырған жоқпыз. Жасыратыны жоқ шет аймақтарда желі тартпайды. Оны студенттермен байланыс жасағанда байқаған болатынбыз. Сондықтан WhatsАpp арқылы тіл табысып отырмыз. Колледжде бекітілген сабақ кестесі бойынша әрбір мұғалім тапсырма беріп, бір апта ішінде жауабын аламыз. Сонымен қатар ата-аналарына қоңырау шалып, баласының немен айналысып жүргенін білеміз, – деді ол.
Карантин уақыты тағы да созылып отыр. Соның салдарынан мектептерде соңғы қоңырау қағылмай, бітіруіші түлектердің дипломдық кеші өтпей қалу қаупі бар. Маңыздысы – студенттермен алдағы 1 қыркүйек күні амандықта қайта қауышу.
Шет ауылдардан аудан орталығында білім алып жатқан студенттердің жай-күйі бірқалыпты. Ұстаз берген тапсырманы аптасына бір орындап, WhatsАpp арқылы жолдап отырады. Ал сайт арқылы кіріспелерді қарап, оны қайта жіберуге желі қолбайлау болып отыр екен. Одан бөлек білім алушылар сабақтан бос уақытында үй шаруасымен уақыт өткізіп жатқан көрінеді.
Айта кетсек, ауданымызда өзге қалаларда да білім алып жатқан жастар жеткілікті. Тіпті жат елдегі университет табалдырығын аттаған жастарда тұрғындар арасынан табылады. Алайда елде індет тарағалы барлығы туған жерге оралды. Соның бірі – Алматы қаласындағы М.Тынышпаев атындағы көлік және коммуникация академиясында білім алып жатқан бірінші курс студенті Бекзат Қайратұлы қазірде ауылдағы бір күндік көрністі баяндай келе:
– Қашықтан оқыту туралы барлық жерде айтылуда. Аптасына бес күнде сабақ өтетін менің университетім төтенше жағдай кезінде өз талаптарын өзгерткен жоқ. Күнделікті онлайн сабақ өтіп, үш сағат уақытымызды арнаймыз. Ал қалған уақыттары үйдің айналасында болып жатқан жаңалықтармен танысып, елдегі ахуалды әлеуметтік желі арқылы біліп отырамын. Одан бөлек ата-анамызға көмек беріп, солардың жанынан табылуға тырысамыз. Осылайша әрбір атқан таңды қарсы алып, кешті болдырып жатырмыз, – дейді.
Нақтысында білім саласының басшылары үйлеріне қайтқан студенттерге демалып қайтудың жолын ашып немесе ауылын сағынды екен деп кері жіберіп отырған жоқ. Керісінше, отбасы жанына барып, бас амандығын ойлап, тұрғындармен вирустан бірге құтылудың жолын іздеп, тағайындалған тәртіпке бағынуды бұйырды. Ал кейбір желөкпелер бос белдікке салынып, түнгі мезгілде көше кезуге бейім тұрғаны өкінішті.
Абзал ЖОЛТЕРЕК
21 сәуір 2020 ж. 488 0

Ардагерлер ардақталды

10 мамыр 2025 ж. 24

Отаныңа қызмет ет!

09 мамыр 2025 ж. 138

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031