Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

Түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

Елімізде коронавирус індетінің алдын алу бағытында түрлі жұмыстар атқарылуда. Бұл ретте әкімдіктер мен ішкі істер саласының қызметкерлері, дәрігерлер қауымы жан аянбай қызмет етіп, елдің жағдайын жіті қадағалау үстінде. Түрлі сала мамандарымен қатар індеттің алдын алу, түнгі мезгілде аудан тұрғындарын көшелерде жүрмеуге қазалының қажырлы жастары да белсене араласуда.
Осы ретте «Жастар ресурстық орталығы» КММ және «Сауал Қазалы» қоғамдық бірлестігінің қызметкерлері арнайы рұқсатнама бойынша, төтенше жағдайлар кезінде жастардың мезгілсіз уақытта жүрулерінің алдын алу мақсатында, тиісті нұсқаулықтың орындалуын қадағалау жұмыстарын жүргізуде.
Бұл жөнінде жастар ресурстық орталығының қызметкері Нұрбек Ақпанбетов:
– Бүгінгі таңда коронавирус індеті біздің ауданға ғана емес, бүкіл әлемге қауіп төндіріп тұрғаны сөзсіз. Осы ретте біздер кешкі мезгілдерде рейд жасап, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жасаудамыз. Олардан көшеде, қоғамдық орындарда бей-берекет жүруді тоқтатып, мүмкіндігінше үйде қалуларын сұраймыз. Дәл осындай сындарлы сәтте дәрігерлерге және және ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қолдау көрсету баршамыздың азаматтық парызымыз, – дейді.
Аталмыш азаматтың айтуынша, осындай рейд алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
18 сәуір 2020 ж. 843 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 44

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930