Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сынақтан сүрінбей өтуге ұмтылайық

Сынақтан сүрінбей өтуге ұмтылайық

«Біз сендерді сынау үшін жараттық және де Алла Тағала жамандықты жазғырады да, жақсылықты жарылқайды. Онысы пенде ісіне ұқсамайды. Есепсіз қинауы да бар, есепсіз жетістіруі де бар» депті қасиетті Құран Кәрімде. Сөзімді бұлай бастауымның себебі бүгінгі барша халықтың басына келген нәубеттің (індеттің) уақытша сынақ екенін, бұның да ұзамай өтетінін, жасаған амалымызға сәйкес жақсылық болатынын тағы да бір еске сала кету.
Сынақтың бір түрі – жұқпалы аурулардың жаһанға таралып, аса көп адамды шығынға ұшырататын пандемиялар.
VI ғасырдан бері жер жүзінде 50-ден астам пандемия миллиардтаған адам өмірін жалмаған. Оларға Қара шешек (черная оспа – науқастардың 40 %-да өлім- жітім болған), оба, тырыспай, сүзек, тұмау (құс тұмауы 2009-2010 жылы, шошқа тұмауы – 2010-2011 жылы), туберкулез (жер шарындағы халықтың үштен бірі туберкулез таяқшасымен уланған), малярия, ВИЧ, тағы басқа да инфекциялар жатады. Бұларға енді коронавирус әкелген COVID-19 қосылды. Бұл індет 2019 жылдың аяғында Қытайдың Ухань қаласынан бастау алды.
Адамның коронавирусы алғашқы рет 1965 жылы өткір-респираторлық вирустық инфекциямен ауырған науқастан бөлінген. Содан бері 2002-2003, 2012, 2015 жылдары Қытайда, Оңтүстік Кореяда осы вирустан эпидемия (індет) тарады. Басқалардан COVID-19-дың ерекшелігі өлімшілік көрсеткіші аздау, 4-5 проценттен аспайды. Вирусы нәзік келеді, сабындап жуғанда да, 30-40 градус ыстыққа да, 40 градус спирт ертіндісіне де шыдамайды. Бірақ ауа арқылы жөтелгенде, түшкіргенде, немесе науқастармен қатысқанда, қол алысқанда, құшақтасып көріскенде жұғатын болғандықтан вирус тез таралады.
Бұл суық тиген немесе тұмаумен ауырған секілді басталады. Ал күшейе бастағанда демігеді, қалтырайды. Уақыт өте келе пневмонияға (өкпенің қабынуы) шалдығуы мүмкін. Әзірше COVID-19-ға тосқауыл қоятын вакцина жасалған жоқ. Сондықтан да науқастар оқшауланып, ал оның симптомдары ауруды жеңілдететін және лихорадкаға қарсы дәрілермен емделеді. Сонымен қатар бұндай науқастардың суды көп ішіп те жазылып кетуі мүмкін. Әлемде кәдімгі тұмаудан көп адам қайтыс болады. Алайда емі болмағандықтан COVID-19 одан да қауіпті дейді ғалымдар.
COVID-19-дың вирусы жер жүзін шарлап, үш айдан кейін біздің елге де келіп жетті. Науқастар саны бір-бірлеп басталып күннен-күнге еселеп артуда.
Инфекцияның таралуына міндетті түрде үш фактор оның қоздырғышы немесе себебі; таралу механизмі; инфекцияны қабылдайтын адамдар, жануарлар, шыбын-шіркейлер т.б. болуы тиіс. Індеттің басталуы мен таралуына табиғи сонымен бірге әлеуметтік орта да (коммуналдық, тұрмыстық және медициналық жағдайы) әсер етеді.
COVID-19 вирусы қашан адамға жұққанша жарқанаттарда, түйелерде т.б. құс пен жануардың бойында өмір сүре береді. Сосын адамнан адамға, жоғарыда айталғандай жақын байланыста болғанда, тыныс алу жолымен беріледі. Оны қабылдау ағзаға да байланысты.Жай сөзбен айтқанда оның бойында ауруға қарсы иммунитеті жеткілікті болуы тиіс. Міне, осы жағдайды терең талдап, алдын алу шараларын жедел іске асырса, вирустың таралуы бір елді мекенмен, не бір мемлекетпен шектелуі мүмкін.
Құдайға шүкір, ақпарат құралдары бұл індетке қарсы күрестің жолдарын егжей-тегжейлі халыққа жүйелі жеткізуде. Негізгісі инфекцияның ошағын оқшаулау, қарым-қатынасты шектеу немесе үзілді-кесілді тыю, санитарлық-гигиеналық шараларды, соның ішінде жеке бас күтімін гигиенасын сақтау, дезинфекциялық шаралар және өз ағзаңдағы иммунитетті күшейту.
Менің бұларға қосарым Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеулерін бұлжытпай орындауға, ал мүмкіндігі бар адамдарды үйде бос отырмай, пайдалы істермен айналысуға шақырамын.
Сержан БЕРДЕНҰЛЫ,
медицина ардагері,
жоғарғы санаттағы санитарлық және
эпидемиолог дәрігер
07 сәуір 2020 ж. 1 242 0

Ардагерлер ардақталды

10 мамыр 2025 ж. 28

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031