Бұл қызық: Қытайда 1 минутта қанша өзгеріс болады?
Қытай елі бүгінде секунд сайын дамып жатқан мемлекеттер қатарында. Шамамен 1,5 миллиард халық тұратын елде бәсеке де өте жоғары. Сан сапаны құрайды деген сөзбен келісетін болсақ, қытай бұл жағынан біріншілікті ешкімге бере қоймасы анық. Қыз-қыз қайнаған тіршілікте халық саны көп елде 1 минутта қанша өзгеріс болатынын білгіңіз келе ме? Онда төмендегі қызықты мәліметтерге назар салыңыз.
Ақылға сыймайтын жылдамдық: технологиялар, қоғам...
1 минутта:
Қытайдағы конвейерлерден 55 көлік шығады;
1,2 тонна дәнді дақыл өндіріледі;
52,8 миллион юань (8,3 миллион доллар) өнім сатылады;
157 миллион юань (24,8 миллион доллар) жалпы ұлттық өнім өндіріледі;
Мобильді гаджет арқылы:
379 миллион юань (60 миллион доллар) төлем жүзеге асырылады;
46,8 мың гигабайт мәлімет жіберіледі;
онлайн дүкендерде 10,4 миллион юань (1,6 миллион доллар) тауар сатылады;
курьерлер 76 тапсырысты жеткізіп береді;
Мұның бәрі 40 жылдық аштықтың әсері. Өткен ғасырдың 50-жылдарында Қытай Халық Республикасы әлемдегі ең дамымай қалған елдердің бірі болып, аштық зардабын тартып жатқан мемлекет қатарында еді. Соңғы 50-60 жылдаҚытайдың экономикалық өсімі қандай болғандығына өздеріңіз де куәсіздер.
1 минутта:
Қытайда 596 метр жол салынады;
Қытай әуежайынан 2 халықаралық ұшақ жолға шығады;
272 қытай әлемге саяхатқа шығады;
бұл уақытта шет елдегі қытайлар 360 мың доллар жұмсап үлгереді;
55 шет елдік азамат Қытай мәдениетімен танысу үшін аспан асты еліне ұшып келеді;
бұл уақытта әлемде 2,3 мың қытай телефоны сатылады;
Қытайды Еуропамен байланыстыратын жүрдек пойыз 2 шақырым жол жүріп үлгереді;
4,6 миллион доллорлық тауарды экспорттайды;
3,7 миллион долларлық шет ел өнімін импорттайды;
Шет елдегі Қытай компаниялары 1 минутта 57 мың доллар салық төлеп, Қытайға 237 мың доллар пайда түсіреді;
Жалпы, бұл мәліметтер қытайдың күнделікті шығатын атақты газеті "Жэньминь жибао"-да келтірілген. Қытайлар робот сияқты жұмыс істеуге көндіккен. Мысалы, олар Гонконг-Чжухай-Макао көпірінің су асты тоннельдерін 16 сағатта құрып бітірді. Пекиндегі көп жолақты Саньюань автомобиль көпірін 43 сағатта қайта құрып шыққан, 60 күн ішінде қытайлық мұнайшылар тарихта бірінші боп Оңтүстік Қытай теңізі түбінен рекорд дәрежеде көп "қайнаған мұз" (су және табиғий газ қоспасы) қазып алды.