Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Төзімділік пен жауапкершілік танытайық

Төзімділік пен жауапкершілік танытайық

Бұдан бұрын Қазақстан Президенті республикалық телеарналар арқылы Қазақстан
халқына үндеу жолдаған. Енді елдегі төтенше жағдайға және мемлекеттің экономикасы мен әлеуметтік саладағы дағдарысқа байланысты мәлімдеме жасады. Барлық көтерілген мәселелер өте орынды, көкейге қонымды. Қазір дүние жүзін шарпыған коронавирус індеті адамзат өміріне қауіп төндіруде. Сол себепті баршамыз сақтық шараларын бұлжытпай орындауымыз қажет. Ол сіз бен біздің қауіпсіздігіміздің алғышарты.
Қасым-Жомарт Кемелұлы осындай қиын жағдайда, қауіп-қатердің ортасында жүрген ақ халатты абзал жандардың еңбегін жоғары бағалап, сенім артқанына куә болдық. Соның арқасында олар міндетті іске деген құлшынысын арттыра түсті.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында мемлекеттік комиссия эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерінің еңбекақысына ай сайынғы бекітілген үстем ақы белгілеу туралы шешімді бекітті. Осыған орай дәрігелерге қосымша қаржы төленбек. Бұл сын сағатта медицина саласы қызметкерлеріне үлкен демеу болады. Маңызды ұйғарым ақ халаттылардың қадірін түсініп, еңбегін бағалағандық деп ойлаймын. Мұндай қолдау үшін шексіз ризамыз. Алғаусыз алғысымызды білдіреміз. Елдің басына күн туған қысылтаяң шақта баршамыз төзімділік пен жауапкершілік танытайық. Бір-бірімізге әрдайым қол ұшын созып, көмектесуге дайынбыз. Біз біргеміз!

Құбыл РШЫМБЕТОВ,
темір жол ауруханасының бас дәрігері




01 сәуір 2020 ж. 894 0

Түркияда жер сілкінді

27 қазан 2025 ж. 137

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031