Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қайырымды азаматтар бетпердені тұрмысы төмен отбасыларға тегін таратуда

Қайырымды азаматтар бетпердені тұрмысы төмен отбасыларға тегін таратуда

Қызылордада жергілікті жанашыр азаматтардың қолдауымен әлеуметтік жағынан осал топтарға бетперде тігу жобасы қолға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бетперде тігу ісін «Қолөнер» ұлттық нақыш орталығының мамандары қолға алды. Орталық басшысы Аида Керімқұлованың айтуынша, бұл игілікті іске «Абзал және К» толық серіктестігі (басшысы Мағжан Ерәлиев) мен «Абай Дәулет» ЖШС (басшысы Мұрат Сәрсенбаев) қолдау білдірген. Нәтижесінде қазір орталықтағы тігіншілер барлық талаптарды сақтай отырып, қажетті бетперде тігу ісін жолға қойды. «Осындай сындарлы сәтте бір-бірімізге қолдау білдіріп, жанымызда жүрген жандарға демеу көрсету – басты парызымыз болуы тиіс. Әлем жұртшылығын алаңдатып отырған қауіпті індеттен сақтану жолдарын барлығымыз сақтауымыз керек. Елең-алаң шақта бір-бірімізге қол ұшын созып жатсақ, ол біздің халқымыздың даласындай кең дархан пейілін көрсетеді емес пе? Облыстық кәсіпкерлік палатасы жанында өңірлік даму кеңесі бар.
Оған жергілікті кәсіпкерлер мүше болып қабылданған. Біз бұл жоба жөнінде әріптестерімізбен ақылдастық. Сол арқылы нақты шешім қабылданды. Игілікті істі осылайша қолға алдық. Бүгінде тігіншілер халыққа қажетті бетпердені тігу ісін толық жүзеге асыруға маманданды. Орталықта тігілген бетпердені қаланың шеткі аймағында тұратын жағдайы төмен отбасыларға, «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар үйі тәрбиеленушілеріне, екіқабат әйелдерге, қарт кісілерге тегін беру арқылы өз ойымызды жүзеге асыруға мүмкіндік алдық. Бұған «Атамекен» ҚҰП және кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Гаухар Елеусінова тарапынан қолдау жасалғанын айта кеткеніміз дұрыс», - деді Аида Керімқұлова. Орталық басшысы алдағы уақытта бұл жоба ауқымын кеңейту жөнінде ұсыныс білдіріп отыр. Қазір әлемді жайлаған қауіпті коронвирус дертінің алдын алу бағытында барлығымыз жұмыла жұмыс жасауымыз тиіс. Сонда кез-келген қиындықтан шығуға мүмкіндік бар.
«Алдағы уақытта бетпердемен қамтамасыз ету бағытында такси жүргізушілерін, қоғамдық автобус шоферлерін қамтамасыз етуге назар аудару ойластырылған. Әрине, бұл жобаны жүзеге асыруға барлық жанашыр азаматтар мен кәсіпкерлер қолдау білдірсе деген ұсынысым бар. Сол арқылы балабақшадағы бүлдіршіндерді де алдыңғы кезекте қамтуға көңіл бөлінеді», - деді орталық басшысы.

19 наурыз 2020 ж. 613 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930