Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Басты бағыт – бастауыш ұйымды нығайту

Басты бағыт – бастауыш ұйымды нығайту

Осындай тақырыпта аудандық «Қазақ тілі» қоғамы және Ж.Жабаев атындағы №234 мектеп ұжымының ұйымдастыруымен байқау өтті. Оған 12 мекемеден бастауыш ұйым жетекшісі қатысып, бақ ­сынады.
Шарада аудандық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Нұрбибі Әшір: «Бүгінгі байқау бастауыш ұйымдардың белсенділігін арттыру және тіл жанашырларының қатарын толықтыруды көздейді. «Қазақ тілі» қоғамының біртұтастығын, ұйымшылдығын, беделін арттыруды мақсат етіп отырмыз», – дей келе талапкерлерге сәттілік тіледі.
Қоғамның негізі – бастауыш ұйым. Ұйымның белсенділігі оның жетекшісінің елжандылығы мен біліктілігіне тікелей байланысты. Қазіргі кезде ауданда барлығы 130 бастауыш ұйым, 6000-нан астам мүшесі бар. Олардың әрқайсысы түрлі деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы болып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласады.
Байқау шартына сәйкес талапкерлер ұжымдағы қоғам мүшелері туралы мәлімет, құжаттар, хаттамалар, анықтамалар, баяндамалар, жұмыс жоспары, іс-шаралар, кіріс-шығыс құжатын тіркейтін журналдарын қазылар алқасына ұсынды. Өздерінің шығармашылық еңбектерін слайд арқылы көрсетті. Қатысушылар дайындығын «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Нұрбибі Әшір, облыстық тілдерді дамыту орталығының маманы Жұбатқан Таңжанов, ішкі саясат бөлімінің әдіскері Жанар Қайназарова, №266 мектеп-лицейдің бастауыш ұйым төрайымы Сағыныш Өтеулиева бағалады.
Нәтижесінде өзгелерден оқ бойы оза шыққан халыққа қызмет көрсету орталығы бастауыш ұйымының төрайымы Сағыныш ­Ниетова бас жүлдені жеңіп алды. Мәні мен мағынасы терең бейнеролик дайындаған талапкер сөзінің соңын патриоттық сезімге толы әсем әуенмен әрледі. Сахналық қойылымы да әсерлі шығып, көрерменнің қошеметіне бөленді. Бірінші орынға Қазалы аграрлы-техникалық колледжінен келген Жәния Ысмағұл мен «Балапан» балабақшасынан қатысқан Әйгерім Өтепберген лайық деп танылды. Жәния Ысмағұл өз жетістігін «Сұхбат алаңы» бағдарламасы арқылы жеткізсе, құжаттарын балапан бейнесіндегі қоржын қалтадан алып шыққан Әйгерімнің ұғынықты сөздері мен тыңғылықты дайындығы жиналғандарды тәнті етті. Бірінен-бірі асып түсетін талапкерлер шеберліктері мен шығармашылықтарын жан-жақты көрсете білді.
№90 мектептің бастауыш ұйым төрайымы Жақсыгүл Түрікбенәлі, «Алпамыс» балабақшасынан келген Гүлайна Қабылова, №234 мектептен қатысқан Нұргүл Жұмахметова екінші, «Балдырған» балабақшасынан Мейрамкүл Өміртаева, №249 мектеп-лицейден Мейрамкүл Сисембаева, №70 мектептен Рабиға Орынбаева, №16 мектеп-лицей мұғалімі Әлия Абдулла үшінші орын алды.
Барлық қатысушылар арнайы диплом және сыйлықпен марапатталды.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
29 ақпан 2020 ж. 841 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031