Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » МӘМС бойынша арыз-шағым қабылдайтын мобильді қосымша іске қосылды

МӘМС бойынша арыз-шағым қабылдайтын мобильді қосымша іске қосылды

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша халықтың арыз-шағымын қабылдайтын Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгінгі таңда МӘМС жүйесі іске қосылғаннан бері Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бірыңғай байланыс орталығына 1406 нөміріне 40 мыңнан астам қоңырау түсті. Хабарласқандардың басым көпшілігі – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары.
Атап айтқанда, оның 3% ғана – шағымдар. Қалғаны консультативтік сипатта. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры халықпен кері байланыстың бірнеше түрін ұсынады. Енді пациенттер жаңа «Qoldau-24/7» мобильді қосымшасының көмегімен шағым қалдыра алады.
«Тұрғындардан түскен барлық шағымдар тіркеуге алынып, әрі қарай өңделіп, жолданымдар тізіміне енгізіледі. Қажет болған жағдайда, жолданымдар белгіленген мерзімде талдаудан өтіп, шешім қабылдану үшін сарапшы мамандарға жіберіледі. Сонымен қатар пациенттер қордың әр аймақтық филиалында ұйымдастырылған азаматтарды қабылдау бөлмелеріне жүгіне алады», – деп түсіндірді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүйелі түрде тұрғындардан келіп түскен жолданымдарды мұқият қадағалап, апта сайын ең маңызды сұрақтар жинағы сараптамадан өтіп, олар бойынша жүйелі шешімдер қабылдайды.
inform.kz
26 ақпан 2020 ж. 842 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 56

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930