Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қиындықтар туындауы мүмкін": Дәрігер қорылдың қауіпті екенін мәлімдеді

"Қиындықтар туындауы мүмкін": Дәрігер қорылдың қауіпті екенін мәлімдеді


Ересектер мен әсіресе, балаларда қорылдың пайда болуы қауіпті. Бұл туралы жоғары білікті дәрігер-отоларинголог Алексей Кошелев айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Радио Sputnik-ке сілтеме жасап.
Ұйқы кезінде қорылдау немесе обструктивті апноэ синдромы күрделі аурудың белгілері болуы мүмкін. Дәрігер қорылдың өзі қорқынышты болмағанымен, әдетте қорылдайтын адамдардың ұйқы кезінде тынысы тежелетінін атап өтті.
Айтуынша, мұндай кезде адамның тыныс алуы 10 секундқа дейін тоқтауы мүмкін, бұл денсаулыққа зиян келтіреді.
"Ұйқы кезінде тыныс алудың тоқтауы үлкен қиындық тудырады – адам оттегін аз мөлшерде ала бастайды. Бұндай жағдай жүйелі түрде қайталанса, жүрек-қан тамыр жүйесінде түрлі қиындықтар туындауы мүмкін. Бұл балаларға да, ересектерге де қатысты", – дейді Алексей Кошелев.
Оның айтуынша, қорылдан туындайтын тыныс алудың тежелуі ересек адамдардың ұйқысын бұзады. Тыныс алу процесін қалпына келтіру үшін мидың қысқа уақытқа оянуына тура келеді. Бұл ұйқыны бұзып, ертесіне адамның шаршап, бас ауруына шалдығуына соқтырады.
Ал балалар үшін қорылдау мен тыныс алудың тежелуі денсаулыққа әлдеқайда ауыр зиян келтіруі мүмкін.
"Егер ұйқы кезінде баланың тыныс алуы тежелсе, ол жеткілікті мөлшерде оттегін алмай, ағзасы дұрыс дамымайды. Оттегі көбіне қайда жұмсалады? Бұлшықет пен миға. Бұндай жағдайда бала оянғанда мазасызданады, тәбеті болмайды және басқа да жайсыздықтарға тап болады", – дейді дәрігер.
Ол өзінде аталған белгілерді байқаған адамдарға маманның көмегіне жүгінуге кеңес берді. Айтуынша, қорылды да, тыныс алудың тежелуін де емдеуге болады.
12 ақпан 2020 ж. 708 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 73

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930