Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көктем-жаз 2018: сәнді сөмкелер

Көктем-жаз 2018: сәнді сөмкелер

Дизайнерлер жаңа топтамаларында мөлдір материалдар, шашақ және пайеткалар қолданған. Олар пішінді, текстураны және түсті "ойнатты". Дизайнерлер белдік сөмкелерді қайтарды және поп-арт принтін еске түсірді. Сөмке үлгісінің әртүрлілігіне қарамастан, дизайнерлер әмбебаптыққа екпін қойды.
Мөлдір сөмке
Пластик 2018 жылдың басты материалына айналуына сәл қалды. Себебі, сән көрсетілімдерінде одан жасалған түрлі зат бар. Кей сән үлері тіптен «пластикалық» тотал-лук ұсынды. Мөлдір сөмке қолайлы емес, себебі оның ішіндегі заттың бәрі көрініп тұрады. Бірақ дизайнерлер өз лайфхактарын, яғни, үлкен мөлдір сөмкенің ішіне одан кішілеу сөмке салып жүруді ұсынды.
Сөмке-қап немесе дорба сөмке
Егер қолайлы сөмке туралы сөз қозғасақ, оған дорба сөмкелерді жатқызуға болады. Бұл сөмке үлгісін дизайнерлердің  барлығы дерлік өз топтамасына қосқан. Оның басты артықшылығы – шағын түрінің іші де кең болып келеді. Сонымен қатар, олардың кей түрлері спорттық үлгіге де, кеңсе үлгісіне және кей кешкі үлгіге де үйлесе береді.
Қарапайым үлгісіне қарамастан, Alexander Wang сән үйінің ашық қызыл сөмкесін қап деп айтуға келмейді. Оны металл элементімен безендірумен бірге қолайлы етіп шығарған. Осы үлгіде жасалған Bottega Veneta сөмкесі «шахмат тақтасы» принтімен ерекшеленді. Пакет-сөмке және сөмке-әмиян
Пакет-сөмке – 2018 жылдың қолайлы сөмкелерінің тағы бір түрі.  Оның пішіні квадрат немесе трапеция болып келеді. Олар әдемілігі мен материалы жағынан кешкі клатчтарға бәсекелестік туғызады. Мысалы, Salvatore Ferragamo пакет-сөмкелерінің пішіні де, дизайны да әдемі көрінеді. Басты зейінді пішімге емес, материалдың өңделуіне қойған. Ол рептилия терісін өрнектеу түрінде немесе өру техникасында жасаған.
Өрілген сөмке
Себет секілді өрілген сөмке – жаздың басты тренді. Себетше өрім барлық сөмке пішініне (шағын клатчтан бастап үлкен дорба сөмкелерге дейін) таралған. Өруге арналған материал сабан, рафия, мата, былғары және пластик болуы мүмкін.
Белдік сөмке
90-жылдардағы міндетті аксессуарлардың бірі – белдік сөмке. Ол сыдырма ілгегі бар шағын қара сөмке болатын. 2018 жылы белдік сөмкелер сәнге қайта оралды. Олардың түрі біраз өзгеріп, стильді бола түсті. Олар қолайлылығын жоғалтқан жоқ. Оған ұсақ-түйек салуға ыңғайлы. Gucci белдік сөмкесінде түрлі фактуралар (жүнді ендірме мен былғары өрнек) сәтті үйлестірілген.
Иыққа асатын сөмке
Crossbody көпшілік қыздардың базалық гардеробынан орын алды. Бұл үлгі көпшілікке иыққа асатын ұзын белдігі үшін ұнап қалды. 2018 жылы барлық дизайнер өз топтамасында иыққа асатын сөмке ұсынды.
08 ақпан 2018 ж. 2 059 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930