Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шалғай жерлерде кинотеатрлар ашыла ма?

Шалғай жерлерде кинотеатрлар ашыла ма?

Елімізде алдағы уақытта кинотеатрлар қатары артып, алыс аудандарда де кино көрсететін орындар ашылуы мүмкін. Бұл туралы "Евразия арнасы" Алматыда өткен Ұлттық киноны мемлекеттік қолдау орталығының жиыны туралы материалында мәлімдеді.

Бастама жүзеге асса, еліміз бен әлемдік прокатқа шыққан шағармаларды шалғай елдімекен тұрғындарының тамашалауына мүмкіндік тумақ.

"Ұлттық киноны мемлекетік қолдау" орталығы продюсерлік компанияларға кино түсіруге қолдау көрсетумен қатар, оны еліміз бен әлемдік нарыққа да шығаруға көмектеспек.

«Қазір ұлттық болса онда салықтан босатылады. Сонда прокатқа да жақсы 50 пайызын алады және продюсерлерге де жақсы 50 пайызын алады. Сонда қазақтың киносын прокатчиктер көбірек жібереді», - деді "Ұлттық киноны қолдау" мемлекеттік орталығының басқарма төрағасының орынбасары Олжабай Мұсабеков.

Айта кетерлігі, өткен жылы еліміздің кинотеатрларына 350 туынды прокатқа шықса, оның 50-ге жуығы отандық мамандардың туындысы. Бұл жағдай Қазақстанда түсірілген картиналар кеткен шығынды ақтау үшін кинозалдар қатары көп болу керек екенін алға тартады. Мамандардың айтуынша Кеңес заманында елімізде 12 мың кино көрсететін орын болса, бүгінде оның саны 400 жетпейтін көрінеді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
25 қаңтар 2020 ж. 931 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 94

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930