Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰБТ: Алғашқы кезең өтті

ҰБТ: Алғашқы кезең өтті

Әйтеке би кентіндегі Ержігіт Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейде Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы кезеңі өтті. Оған Қазалы ауданының барлық мектептері және Байқоңыр қаласы мен Төретам стансасы, Ақай ауылының оқушылары да қатысты. Оған 9 аудитория жабдықталып, бейнебақылау камералары орнатылған.

Қаңтар айының 18-19 күндері болған кезеңде барлығы 696 талапкер бақ сынады. Сынақ басталмас бұрын мемлекеттік коммиссияның төрағасы Бектұр Қалиев оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тестілеу үстінде сынақ уақытында ұялы телефон, шпаргалка қолданған оқушының бірден аудиториядан шығарылатынын ескертті.

– Барлық мектептерде бітіруші түлектерге, олардың ата-аналарына, пән мұғалімдеріне «Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық» ережелері түсіндірілді. ҰБТ кезінде талапкерлерге министрлік өкілінің рұқсатынсыз және дәліз кезекшісінің ілесіп жүруінсіз аудитория­дан шығуға, бір-бірімен орын ауыстыруға, тестілеу материалдарын алмастыруға және аудиториядан шығаруға, ұялы байланыс құралдарын және басқа да электрондық құрылғыларды пайдалануға, жауап парағын, кітапшаны бүлдіруге тыйым салынады. Түзетуші сұйықтықты мүлдем пайдалануға болмайды, – дейді Әйтеке би кентіндегі Ұлттық тестілеу орталығының директоры Бейбітгүл Бердіхалық. Сондай-ақ тестілеу мезгілі аяқталған соң материалдарды кезекшіге тапсыру қажет. Белгіленген уақыт өткен соң материал қабылданбайтыны да айтылды. Оқуға түсушілер аталған тәртіп ережелерін бұзған жағдайда тестілеу нәтижелері өңделмейді және жойылады. Айта кететін жайт, ата-аналар тестілеу барысын «YouTube» каналы арқылы тікелей бақылай алды. Алдағы наурыз, маусым айында да Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы өтеді.

Ұлболсын ЕРБОЛҚЫЗЫ
21 қаңтар 2020 ж. 1 286 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 129

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031