Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өнерлі жастар бақ сынады

Өнерлі жастар бақ сынады

Қазалы қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен мекемелер арасындағы Алтын күз – 2019 байқауы өтті. Оған жас мамандардан құралған командалар қатысып, бақ сынады.
Қатысушылар бірінші кезекте команда аты мен мүшелерін таныстырды. Алғашқы кезеңнен-ақ барлық талапкердің ерекше дайындықпен келгендігі аңғарылды. Қ.Нұрмаханов атындағы №95 мектептің «Жалынды жастар» командасы дайындаған бейнеролик пен ән көпшіліктің көңілінен шықты. Екінші болып сахна төріне «Ақерке» бөбекжай-балабақшасынан келген «Narcissus» командасы шықты. Топ жетекшісінің айтуынша, бұл Жерорта теңізі аймағында өсетін «Нәркес» гүлдің атауы. Оның қазіргі таңда он екі мыңнан астам түрі бар.
Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің жастары топтарын «ЖасStar» атапты. Мағынасы жарқыраған жұлдыздай жастармыз дегенге саяды. Олар бір шумақ өлең жолына әр қатысушының қасиетін сыйдырумен ерекшеленді. «Өнерлі өрге жүзер» кезеңінде «Жалынды жастар» ән мен күйден, ««Narcissus» тобы әннен шашу шашса, «ЖасStar» командасы сахналық көрініс сомдап, көрерменнің қошеметіне бөленді. Аз ғана уақыт ішінде айлы түннің суретін салып үлгерген жас маман Перизаттың өнеріне жиналғандар тәнті болды.
Бұдан соң слайд арқылы сайысқа қатысушы мекемелердің жеткен жетістіктері көрсетілді. Сәнді киіммен сән үлгісін көрсету кезінде барлық команда күз мезгілінің көрінісін сәтті бейнеледі. Соңғы би жарысында №95 мектептің қыздар өзбек ұлтының биін, колледж жастары замануи әуенге биледі. «Ақерке» бөбекжай-балабақшасы ұжымы сахналық қойылымымен ұтқырлық танытты.
Сайыс соңында барлық команда қала әкімнің «Алғыс хатымен» және түрлі номинациялармен марапатталып, сыйлықтар иеленді.
Ұлболсын ЕРБОЛҚЫЗЫ
25 қараша 2019 ж. 1 023 0

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 41

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 55

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031