Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Үлкен қателігім": Мүгедек ұлынан қашып жүр деп айыпталған ақын Саят Әбенов өз шындығын айтты

"Үлкен қателігім": Мүгедек ұлынан қашып жүр деп айыпталған ақын Саят Әбенов өз шындығын айтты

Торғайлық танымал ақын Саят Әбеновтің басы дауға қалды. Қаламгердің бұрынғы жұбайы отандық бағдарламалардың бірінде екеуінің мүгедек ұлы бар екенін айтып, Әбеновтен ем-домға ақшалай көмектесуін сұрады. Осыдан кейін желіде ақынға қатысты жағымсыз пікірлер айтыла бастады. Өз кезегінде қаламгер желіде өткен өмірі жазба жариялап, ақталды.

Ақынның бұрынғы әйелі «Астарлы ақиқат» бағдарламасында Әбеновтің ажырасқаннан кейін баласымен кездеспегенін айтты. Сөзінше, ол мүгедек ұлымен кездесуден қашатын көрінеді.
Ал мүгедек баланың ем-домына қомақты қаржы керек екен. Осыған байланысты ақынның бұрынғы жары одан көмек сұрады. 
Аталған бағдарламадан кейін Әбеновтің тарапына түрлі жағымсыз пікір айтылып жатыр. Осыған орай қаламгер желіде жариялаған жазбасы арқылы өз шындығын жеткізуге тырысты.
«Жеке өмірім жайлы емес өткен өмірім жайлы айтып берейін. Концертіме дейінгі концерт осы шығар. Әйтпесе ішіме сыймай кетті. Жалпы сыртым күліп жүргенмен, ішім мұңға толы. Біреу сезінер, біреу сезінбес. «Бақытсыз неке» деген туындымды оқыған кісілер түсінген шығар?! Студенттік шағымдағы үлкен қателігімнен бастайын. Ойда ештеңе жоқ, жұрт құсап қызбен жүрейік деп жатақханада махаббатқа ерік бердік. Содан бір қызбен жүре бастадым. Кейіннен ұрысып қалып қайта қауыштық. Қауышқан күн біздің өмірімізді өзгертті. Арада екі апта өткен соң «жүктімін» деген хабар айтты. Ол кезде отбасы құруға деген сенімі аздау жаспын. Бас тартсам анасы арызын дайындап отыр. Ал әкесі (дтсп) ауруымен ауырып, ертеректе қайтқан екен.
Содан жүрек қаламаса да қыз ұзату тойы өтті. Қыз ұзату тойында анасы (енем) мынадай тілегін жеткізді: «Бұл қызымды бұған бергенше басқа жігітке беруім керек еді. Жарар, өздері білсін». Сол тілегі әлі күнге дейін көкейімде.
Не болса да жұртқа күлкі болмайық деп үйлену тойын жасадық. Содан арада уақыт өтіп дүниеге ұл келді. Сәбидің еш жазығы жоқ қой, шыны керек, сәбилі болғаным үшін қатты қуандым», - деп жазды Әбенов Instagram-да.
Алайда, ақынның айтуынша, бұл қуанышы көпке созылмаған. Ол оқуда жүргенде анасынан әйелінің баласын алып кетіп қалғанын біліпті. Әбеновтің пікірінше, жұбайының мұндай әрекетіне тұрмыс таршылығы себеп болған.
«Неке сақинасын өткізіп өз ауылынан бір-ақ шыққан екен.(Ол кезде жалдамалы лашық үйде тұрамыз. Жағдайымыз өте нашар.) Енді отбасы болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Олай дейін десем де мен басқа қалада оқуда жүрмін. Жағдайдың төмендігінен кеткен шығар деп ой түйдім. Хабарлассам көтермейді. «Тым болмаса ұлыммен сөйлестір», -  десем де көнбейді.
Содан қатты қиналып кеттім. Ата-анам мен туыс-туғандарым жұбатып, әйтеуір басу айтты. Бауыр басып қалған да қиын екен. Ақыры үмітім үзіліп, оралмасына көзім жетті. Басқа өмір жолын бастап, мен де өз жөніммен кеттім. Алланың берген бағы - ақындығым жаныма серік болды», - дейді торғайлық ақын. 
Саят Әбенов арада жылдар өткеннен кейін бұрынғы жұбайының өзі хабарласқанын айтады. Бұл кезде атым шыға бастаған еді, дейді.
«Мені жеке өмірім тастап кетсе де жеке өнерім тастаған жоқ. Содан арада біраз жыл өтіп атым шыға бастағанда хабарласты. Ол кезде бәрі өзгерген. Өйткені басқамен тұрмыс құрған екен. Бірақта оның күйеуі жол апатынан көз жұмыпты. Содан бір баласы бар.Екі баламен қиналып кеткен соң алиментке арыз беріпті. Әрине ұлым үшін төлеуге дайын болдым», - деп түйіндеді Әбенов.
17 қараша 2019 ж. 706 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031