Иттердің кімді қауып алуы мүмкін екенін білесіз бе?
Ливерпуль университетінің ғалымдары иттердің кімдерге жиі шабуыл жасайтынын анықтады. Сондай-ақ, ит қауып алған адамдардың саны ресми статистикалық ақпараттарда көрсетілгеннен әлдеқайда көп болып шыққан. Зерттеудің қорытындысы Journal of Epidemiology and Community Health басылымында жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Ғалымдар сауалнамаға Ұлыбританияның 694 тұрғыны қатыстырылғанын айтады. Тәжірибеге қатысушылар өздерінің жастарын көрсетіп, бірнеше сұраққа жауап берген. Анықталғандай, қатысушылардың 25%-ын бұрын ит қапқан болып шыққан. Сауалнама деректері көрсеткендей, қауып алғандардың саны орташа есеппен бір жылда 18,7 (1000 адамға) болған.
Сауалнамаға қатысқандардың 44%-ын бала кездерінде 16 жасқа дейін ит қауып алған. Айта кетерлігі, ит қапқандардың арасында үйінде ит ұстайтындардың саны ит асырамайтындарға қарағанда 3,3 есеге көп болған. Сондай-ақ, ер адамдар әйелдерге қарағанда 1,8 есе иттердің шабуылына тап болғаны анықталған.
Нәтижесінде, психологиялық тест уайымшылдық пен ит қауып алу қаупінің арасындағы айырмашылықты анықтаған. Белгілі болғандай, қорқып қалған адамдар арасында ит қауіп алу жағдайлары жиі кездесетін көрінеді. Олар ашуланшақ, ренжігіш немесе сары уайымға салынумен ерекшеленген.