Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастар жылы не берді?

Жастар жылы не берді?

Жастар жылының жұмысы жайында белсенділер арасында түрлі пікір қалыптасқан. Бірі оң нәтижелі жұмыстар атқарылғандығын тілге тиек етсе, кейбіреуі жеткілікті деңгейде көңіл бөлінбеді деген ой тұғырында. Қазалы ауданынан түлеп шыққан жас талапкерлер де қазір елдің әр қиырынан жолығады. Аяқталуына екі ай ғана қалған мерзімде жасалған қызу еңбектің бел ортасында жүрген белсенділердің Жастар жылы турасындағы пікірін тыңдадық.
Эльдар Қуаныш, жас режиссер:
– 2019 жылдың Жастар жылы болып жариялануы мемлекет басшысының жас буынға арнаған жарқын үндеуіне айналды. Жастар – кез келген қоғам болашығының кепілі және қозғаушы күші. Қазақстанның тұрақты дамуының негізі бәсекеге қабілетті жастар екені айқын. Ал бұл тікелей  қазақстандық өскіндердің білім деңгейі мен біліктілігіне, олардың ұмтылыс пен ізденіске деген ынтасына байланысты. Сондықтан да елдегі басымдық берілетін негізгі бағыттардың бірі – жастар секторы.
Түрлі саладағы қызметтермен қамту мәселесі бойынша бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Қазалы ауданында да жастарға тиімді жағдай жасалған. Талантты талапкерлерді көре білетін, және жеткілікті қолдау көрсететін орталық бар. Аудандағы «Жастар ресурстық орталығының» арқасында мен де бойымдағы ашылмаған қырларымды танып, ортаға тез бейімделетін болдым. Облыстық, республикалық деңгейдегі іс-шараларда қорықпай өнер көрсеттім. Қазіргі таңда Алматы қаласында оқып, өзімді жетілдіру үстіндемін. Өзім армандаған кинопродакшнда жұмыс жасап, танымал режиссерлардың тәрбиесін алудамын. Кәсіби деңгейім артып, жоғары оқу орнын аяқтаған соң ауылға қайтамын. Талантты жастардың тобын құрып, креативті ойлау қабілетін арттырғым келеді.
Нұрбол Шыныбай, блогер:
– «Елбасымыз Жастар жылын ресми түрде ашық деп жариялады. Елдің дамуын жеделдетіп, қай жағынан болмасын көмек беретін ол – жастар! Сол үшін бұл керемет идея.
Бірақ, асыра сілтеушілік, науқаншылдық, көзбояушылық деген керек емес. Қалай бар солай жасайық, көрсетейік.
Жастар тек патриот екенін көрсететін әлеуметтік желідегі аватарын өзгертіп әлек қылғанша, бұл жылдың оларға несімен пайдалы екендігін түсіндірейік. Бұл жылы міндетті түрде форумдар, жайдарман сияқты шара көптеп болды. Тек сапалы жасалса екен. Қайда барып, неге келгенін түсінбей отыратынжастарды жиналысқа таси берудің қажеті шамалы», – деген екенмін инстаграм-парақшамда осыдан 8-9 ай бұрын. Пост жазып, шулап, әңгіме қылып жүргенде бұл жыл да өте шықты. Жеке басым Жастар жылын сезінбедім. Ұраншылдыққа салынған, есеп үшін өткізілген шаралар мен бөлінген ақшада есеп һәм нәтиже жоқ.  Елдегі жағымсыз жағдайлардан басқа еске алар түк болмады бұл жылда. 
Сержан Тәңірберген, студент:
 – Жастар жылында қолға алынған мәселелер мен түйінін тарқатуға тырысып жатқан шаралар көңілге қонымды. Тың идеялы жастардың көптеген жобаларға тартылып, өздерін дәлелдеуге мүмкіндік берілгені қатты қуантады. Мемлекет тарапынан жасалған ең ұнамды нәрсе әлемнің 40 іскерлік кітаптарын қазақша нұсқада басып шығаруы болды. Электронды кітапхананың дамуы үшін 1000-нан аса шығарманы қамтыған порталдың ашылу жақсы нәтиже.
Мен қазіргі таңда Алматы технологиялық университетінде ақпараттық жүйелер мамандығында оқып жатырмын. Жастар жылының аясында бізде жаңа оқыту жүйесі енгізіліп, робототехниканы жетілдіруге басты назар аударылуда. Жас толқынның заман ағымынан қалмай, жаһандық жаңалықтарды игеруі үшін жаңашылдыққа тез бейімделгені жақсы. Қазақстанның ақпарат саласында елеулі өзгерістер алып келген ол СММ екені белгілі. Медиатехнологияның қарқынды алға жылжуы ауыл жастарынан да жоғарғы деңгейдегі сауаттылықты сұранысты талап етеді. Аудан көлемінде де жас өрендердің бос уақытын текке өткізбей, арнайы курстарға тартса жақсы болар еді. Онда оларға ішкі мәдениетті қалыптастыруды үйретіп, белгілі бір бағытта жұмыс істейтін шағын топтар құрып беруді ұсынамын.
Ақтілеу ҚАЛДЫБАЙ
15 қазан 2019 ж. 2 398 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031