Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Әйелге ұқсап кетеді": Қазақстандық дәрігер нені мүлде ішуге болмайтынын айтты

"Әйелге ұқсап кетеді": Қазақстандық дәрігер нені мүлде ішуге болмайтынын айтты

Жоғары санаттағы психиатр-нарколог дәрігер Руслан Әлиев алкогольді шектен тыс ішудің салдары қандай болатынын, олардың неге елес көретінін айтып берді.


Алкоголь организмге қалай әсер етеді?

  Руслан Әлиев – Алматыдағы "Свободные люди " тәуелділіктен емдеу және оңалту орталығының бас дәрігері. Оның медицина саласында еңбек етіп жүргеніне 30 жыл болған. Оның пікірінше, Қазақстанда маскүнемдік мәселесі өзекті. Дәрігер соңғы жылдары әйелдердің ащы суды ұрттауды әдетке айналдырғанын айтады. Осы орайда ол алгокольдің адам организмін қалай улайтынын қарапайым тілде түсіндіріп берді.

"Кез келген алкогольді өнім – сыра, арақтың құрамында этиль спирті C2H5OH бар. Ол организмге 15-20 секундтың ішінде тарап, қанға сіңеді. Бірінші "соққы" бауырға жасалады. Себебі, бауыр – токсиндерді тазалайтын орган", - дейді ол.

  Оның айтуынша, алкоголь бүйрекке де әсер етеді. Бұл да тамырды тазалайтын ағза болып саналады.
"Ішімдіктен тамырға артық салмақ түседі. Салдарынан қан айналым жүйесі бұзылады, организмде токсиндер жиналады", - дейді Әлиев.

Өмір сүру ұзақтығын 20 жылға қысқартады

  Нарколог алкоголь ішкен кезде адамның тамыр жолдары кеңейіп, қан сұйылатынын айтады. Бұл процесс қысқа уақытқа созылады. Ертеңінде тамыр жолдары тарылып, адамның басы ауырып, жұмыс істеуі қиындайды. Алкоголь жүйке жүйесіне де зиянын тигізеді.

  "Адам 60 жасқа толған кезде мидағы нейрондардың 20%-і өледі. Ал алкоголь ішсе, оның қаупі одан да жоғары болады. Спирттік өнімдерді шектен тыс ішу өмір ұзақтығын 20 жылға қысқартады", - дейді Руслан Әлиев.



15 қазан 2019 ж. 758 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 148

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031