Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарағандылық қария сыртқы киімсіз жүрсе де қырық градус аязда тоңбайды

Қарағандылық қария сыртқы киімсіз жүрсе де қырық градус аязда тоңбайды

Қарағандылық шымыр қария қырық градус аязда жеңіл-желпі жүре береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Saryarqa» телеарнасына сілтеме жасап.
«Қаңтардың қырық құбылған қысында жұқа шалбар мен футболка және қолғап қана киетін Байылды Тере сақылдаған сары аязды елемейді. Алпыс бес жастағы ақсақал бет қаритын суықта да бір тоңбайды. Тіпті ол қолайсыз ауа-райында өзін сергек сезінетінін айтады», делінген жазбада. Қазір қария Қарағанды қаласындағы әскери бөлімдердің біріне аула тазалаушы болып жұмыс сітеп жүр. Телеарна тілшісінің айтуынша, Байылды Тере сыртқы киімін тек жиырма бес жыл бұрын көшеге киген көрінеді. Содан бері ол ағзасын аязға ептеп үйрете бастаған. Ширек ғасыр уақытты шымыр қарияның денсаулығы еш сыр берген емес. Зейнеткер суықта жүріп, үнемі қимылдағанның арқасында бұрынғы дерттерімнен құлан таза айықтым, дәрігердің көмегіне жүгінуді де ұмыттым, деп отыр. Байылды Тере денесін суыққа шынықтырғысы келетін адамдарға ағзасын бірте-бірте дайындау керек, деп кеңес береді.
inform.kz​​​



01 ақпан 2018 ж. 1 964 0

Жұрт ағылған жәрмеңке

19 тамыз 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031