Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көптің көкейінен шықты

Көптің көкейінен шықты

«Халқымызды толғандыратын барлық мәселелер бізге белгілі. Осыған орай, ахуалды жақсарту үшін іс-қимыл жоспары әзірленіп жатыр. Бізге зор жауапкершілік жүктеліп отыр. Мен ел тағдырына жаны ашитын әрбір азаматқа зор сенім артамын. Қазақстан – ортақ шаңырағымыз! Мен бәріңізді мерейлі мекенімізді өркендетуге үлес қосуға шақырамын!», - деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған бүгінгі Жолдауында.
Біз ел азаматы ретінде Ел басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – татулық пен тұрақтылық негізі» тақырыбындағы Жолдауда айтылған барлық бастамаларды қолдаймыз.
Әсіресе, білім беру сапасын жақсарту, оқушының қабілетіне қарап кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшу, білікті педагог кадрлардың тапшылығына байланысты «Дипломмен ауылға» бағдарламасының аясын кеңейте отырып, аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау үшін Дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеу туралы Үкіметке берген тапсырмалары көптің көкейінен шықты.
Одан бөлек, Жолдауда дені сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастыру бағытында бұқаралық спортты дамытуда кешенді бағдарлама қабылдау, белсенді өмірлік позицияларды сіңіру мақсатында жастар мен студенттерді ерікті жұмысқа тарту, білім саласын басқару мен қаржыландыру сияқты өзекті мәселелер қамтылып отыр.
Мұның бәрі, болашақ еліміз үшін қабылданған міндеттер. Сондықтан, айтылған тапрсырмаларды мүлтіксіз орындау үшін бүкіл қоғам бірлікпен ынтымақта іске жұмылуымыз керек.
Бектас БЕКЕТОВ,
№216 мектеп директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары

02 қыркүйек 2019 ж. 943 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031