Көптеген тың мәселелер қамтылған
«Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" тақырыбында бүгін ел Президентінің халыққа Жолдауында көптеген тың мәселелер қамтылған.
Оның ішінде азаматтық қоғамды дамыту, ұлт денсаулығы, бұқаралық спортты дамыту, ұстаздардың жалақысын көтеру, оқушыларға кәсіби бағыт-бағдар беру саясаты, шағын және орта бизнестің дамыту, т.б. көптеген маңызды мәселелер айтылған.
Айта кетейін, Ел басшысы жастардың мәселелерін назардан тыс қалдырмаған. Әсіресе, «Димпломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасын қаржыландыруды 20 млрд. теңгеге жеткізу және аясын кеңейтуді тапсырғаны ел болашағы жастар мен жас мамандар үшін зор мүмкіндік.
Сонымен қатар, Дарынды ауыл жастарын іріктеп, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына дайындауды, аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау үшін Үкіметке Дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеуді тапсырды.
2020 жыл – волонтерлер жылы болып жарияланатын болды. Президент жастар мен студенттерді ерікті жұмыстарға тарту – азаматтық қоғамды бекемдеудің маңызды бөлігі екендігін қадап айтты.
Ендеше ел жастары! Біз білімді, жігерлі, қайсар ұрпақпыз, сондықтан баршаңызды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын қолдауға, мемлекетімізді өркендетуге атсалысуға шақырамын.
Еркін ҚҰСАН,
Қазалы көлік-техникалық колледжінің оқу-өндірістік шебері,
Қазалы аудандық Жастар Парламентінің депутаты