Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Балдың да зияны барын біліңіз

Балдың да зияны барын біліңіз

Дәрігерлер балдың ешкім күтпеген қаупін айтты.

Суық тигенде бал қосылған ыстық шәй ішудің адам денсаулығына пайдасы шамалы, деп санайды олар.

Адам денсаулығына зияны тимес үшін балды түске дейін екі қасық қана жеуге болады. Бұл өнімнің пайдасы әсіре бағаланған, сол себепті оған кәдімгі тәтті ас ретінде қараған жөн.

Алайда бал мен ішімдікті қатар пайдалану, сондай-ақ балдан жасалған ішімдік ішу бауыр циррозына әкеп соғуы мүмкін.

"Зияны тимеу үшін екі-ақ қасық жеу керек. Түске дейін жеп, күні бойы белсенді қимылдаған жөн", - деді Сеченов университетінің емханалық терапия кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Алексей Буеверов.

Оның айтуынша, балдың құрамында жасушалардың қышқылдануына жол бермейтін антиоксиданттар, дәрумендер мен адамға қуат беретін фруктоза бар. Бірақ балдың пайдасын әсіре бағалайды деп санайды диетолог дәрігер, терапевт Елена Тихомирова.

Балдың пайдасы тию үшін көп мөлшерде жеу керек, бірақ құрамында көмірсу көп болғандықтан бал аса құнарлы тағам, сол себепті аздап жеген дұрыс.

Мамандардың пікірінше, ұяшықтардағы балды сатып алған жөн, себебі мұндай өнімнің сапасы жоғары әрі табиғи болады екен.

Тихомированың сөзіне сүйенсек, суық тигенде бал қосып шәй ішкеннен адам жазылып кете қоймайды, өйткені ыстық шайда еріген бал пайдалы қасиеттерінен айырылатын көрінеді.

"Бұл жәй әшейін адамның көңілін көтеру үшін қалыптасқан ұғым. Адамға суық тиіп, ауырып жатқанда, сәл де болсын жадырасын деп, сол кездегі жалғыз тәтті дәмді бал беретін болған", - деп түсіндірді маман.

Семіздікке шалдыққан, сондай-ақ гүлге немесе ара уына аллегриясы бар адамдарға бал жеуге болмайды, деп ескертті дәрігер. Буеверовтың айтуынша, ішімдік пен балды бірге пайдалану адам денсаулығына өте қауіпті. Сондай-ақ балдан жасалған ішімдікті көп ішу бауырдағы қабыну процестерін туғызып, циррозға әкеп соғуы мүмкін.

"Әрине, бәрі жиілік пен мөлшерге байланысты. Айына бір бокал ішсе түк етпейді, ал егер тұрақты қолданатын болса, бауырда өзгерістер туындап, тіпті циррозға шалдығу қаупі болуы мүмкін", - деп атап өтті дәрігер.

14 тамыз 2019 ж. 2 594 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 76

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930