Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Суық тигенде неге сүт ішуге болмайды

Суық тигенде неге сүт ішуге болмайды

Дәрігерлер суық тиген науқастарға тәжірибе жүргізіп, сүттің емдік қасиетінің жоқ екенін анықтады. Суық тигенде сүт өнімдерін пайдалану ауруды асқындырып жіберуі мүмкін, деп хабарлады британ дәрігерлері. Зерттеу нәтижесі Laryngoscope журналында жарияланған, деп жазады РИА Новости. Мамандар суық тию мен шырыш бөлінуі арасындағы байланыс зерттеді. Бәрімізге белгілі, шырыштағы антибактериялық ферменттер микробтарды өлтіріп, адамды суық тиюден сақтайды. Бірақ ауырып қалған кезде, шырыштың бөлінуі күшейіп, науқас жөтеле бастайды, дауысы қарлығып қалады.
Халық арасында кең тараған тәсіл бойынша суық тиюді сүтпен емдейді, алайда бұл әдістің тиімділігі жайында ғылыми тұжырым немесе, керісінше, жоққа шығаратын гипотеза жоқ. Сол себепті дәрігерлер сараптама жүргізіп көрді, дейді отоларинголог Адам Фрош.
Тәжірибеге 26 ер адам мен 82 әйел адам қатысыпты – олардың бәрі шырыштың шектен тыс бөлінуіне шағымданған науқастар. Қатысушыларға алты күн бойы сүт тағамдарын пайдаланбауға кеңес берген.
Үшінші күннен бастап науқастардың жартысына 350 миллилитр сиыр сүтін, ал қалған жартысына сондай мөлшерде соя сүтін бере бастапты. Бірақ қатысушыларға нақты не ішіп жүргендерін айтпай, сүттердің дәмін өзгертіп қойған. Науқастар сауалнама толтырып, шырыштың бөліну деңгейін 100 балдық шкала бойынша бағалап отырды. Бастапқыда қатысушылардың көрсеткіші 65 балдың шамасында болса, екі күндік диетадан кейін шырыш деңгейі түсіп кетті (екі топта да 55 балл), бірақ рационға сүтті енгізген соң бұрынғы цифрлар қайтып келді – 63 балл. Ал соя сүтін пайдаланған науқастар өздерін айтарлықтай жақсы сезіне бастаған.
"Аз уақытта жақсы нәтижеге қол жеткіздік. Сондықтан науқас сүт ішкен соң шырыштың көбірек бөліне бастағанын сезінсе, порциясын азайтып немесе рационнан сүт өнімдерін мүлдем алып тастағаны жөн", – деп санайды Фрош.
06 қараша 2018 ж. 1 809 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930