Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кезек күтпей, керегіңді ал

Кезек күтпей, керегіңді ал

Осыдан он жыл бұрын қай пошта бөлімшесіне барсаңыз да ұзын-сонар кезекке тұрып, өз уақытыңызды күтетінсіз. Хат-хабар алысудың бірден-бір түрі болғандықтан, жалғыз компьютерге жүгінген қызметкердің алдында бір қауым тұратын. Алыстағы ағайынға сәлемдеме салуға да, сүйіп оқитын газет-журналыңызды алу үшін де айналып осы жерге келетінсіз. Бүгінде бәрі өзгерген...

Қазіргі таңда қызмет көрсету сапасы жаңа деңгейге көшірілуде. Маман көмегін күтпей-ақ тізілген терминалдың біріне барып, шаруаны тез аяқтауға мүмкіндік бар. Осы саладағы технология жетістіктері тұтынушының да, қызметшінің де жұмы­сын жеңілдетеді.
Үйден шықпай-ақ post.kz сайтына кіріп, қалаған тауар түрін ауданға жеткізуге жағдай жасалған. Әлемнің қай бұрышынан болса да, іздегеніңді тауып беруге қауқарлы компания арқылы АҚШ-тың Аризон штатына немесе атақты интернет-дүкен «АлиЭкспресске» тапсырыс беруге болады. Порталда пайдаланушыларға балабақшалар, көлік және әлеуметтік карталар, басқа да бұқаралық қызметтер сияқты 6000 қызмет түрлерін төлеу мүмкіндігі іске қосылған. Күніне мұнда 500-1000 жаңа тіркелім жасалып, 20 мыңнан астам клиент мобильдік қосымшаны пайдаланады.

Соңғы жылдарда компания сандық жүйеге түбегейлі бетбұрыс жасаған. Облыс пен аудан орталықтарында қазіргі таңда 109 постамат орнатылған. Олар қағазбастылықтан арылтып, 20 маманды алмастырады. Үлкен сауда орталықтары мен адам көптеп шоғырланатын жерлерге қойылған автомат-терминал қызметі халық үшін ыңғайлы. Демалыс күндері де тұтынушының қалған уақытында іркіліссіз кез келген сәлемдемені алып кетуіне қолайлы. Болашақта мұндай құрылғы пайдалану мүмкіндігі аудан тұрғындарына да жететіні айдан анық.
Бұдан екі жыл бұрын «Қазпочта» АҚ-да жаңа жоба іске қосылды. Енді қиырдағы ауылда жүрген жұртшылыққа мерзімді басылым сандарын тарату үшін ұшатын дрондар пайдаланылады. Бұл тасымалдау уақытын қысқарту үшін таптырмайтын дүние. Қазірдің өзінде 20 ұшу аппараты 10 000 келіден астам газетті шалғайдағы оқырмандарға таратқан.

Бұл жөнінде аудандық «Қазпочта» мекемесінің басшысы Жайлаубай Нұрбаев:
– Көп күттірмей біздің аудан көле­міндегі ауыл тұрғындары да дрон жеткізген жаңалықтарды оқи алады. Сонымен қатар кәсіпкерлер үшін ішкі нарықты игеруге бағытталған 8 интернет-дүкенін ашу жоспарда бар, – деген пікірін ортаға салды.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарлама­сының бірінші бағытында баса назар аударылған ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру жолындағы жағымды бастамаларды компания дер кезінде қолға алған. IT алпауыттарының тәжірбиесіне сүйене отырып, сандық жүйеге сенім арту келешекте өркениет көшінде алдыңғы қатарда көрінуге ықпал етері сөзсіз.
Ақтілеу ҚАЛДЫБАЙ

13 тамыз 2019 ж. 948 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 66

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930