Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 21 мың теңге алу үшін жеке кәсіпкер атану шарт па?

21 мың теңге алу үшін жеке кәсіпкер атану шарт па?

Әлеуметтік әлсіз топтағы азаматтан жеке кәсіпкер атануға бір-ақ қадам! Аты-жөнін атамауды өтінген шымкенттік келіншек 21 мың тенгелік атаулы әлеуметтік көмекті ала алмай жүр. Осы мәселеге араша сұрап, біздің телеарнаға шағымданып келіпті. Айтуынша, жағдайы келмесе де жеке кәсіпкер ретінде салық органына тіркелуі тиіс. Әйтпесе, жәрдемақыға қол жеткізбейтін көрінеді.

Еңбекші ауданының тұрғыны аты-жөнін атамауды сұрады. Себебі, «әкімдік қызметкерлері қудалап жәрдемақы тағайындамай қоюы мүмкін»,- дейді. 9 жастағы ұлын баққан ол Шымкенттегі бақуатты азаматтың үйінде күніне 2-3 сағатын жұмсап, тамақ әзірлейді. Алатыны 30 мың. Өзі сынды жалғызбасты аналарға мемлекеттен 21 мың жәрдемақы берілетінін естігенде ол қуанып еді. Алайда, қуанышы көпке созылмады.

Еңбекші ауданының тұрғыны

-Құжаттарымды туралап барып жұмыспен қамтуға өткіздім. Бірақ, менің құжаттарым өтпеді. Себебі, маған ИП ашуың керек деді. Мен оны қалай ашамын, кімді жұмыспен қамтимын? Өзім мұқтаж адаммын. Олардың зейнетақы қорына қайдан ақша аударамын.

Жұмыс беруші азамат табысымды банк арқылы бермейді. Әрі атаулы әлеуметтік көмектің ақшасын алмадым деген келіншек қалай табысын растап, жеке кәсіпкер атанамын деп отыр. Жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерінің өз айтары бар. Мемлекет 21 мың теңгелік атаулы әлеуметтік көмекті берудегі мақсат - азаматтарды тұрақты жұмысқа орналастыру дейді. Шартты көмектің ақысын жинап-жинап салық органдарынан жеке және дара кәсіпкер ретінде тіркелуі әлеуметтік келісімшартта көрсетіліпті.

Жанар Башеева – Әл-Фараби ауданы бойынша әлеуметтік қолдау бөлімінің басшысы

Бір реттік сондай-ақ, үш айдың ақшасын біріктіріп алсаңыз онда сіз қосалқы шаруашылықты не өз ісіңізді дамытуға жұмсауыңыз керек. Бұл әлеуметтік келісімшарттың талабы. Осы талап орындалмаса, мемлекеттен берілген қаржы түгел қайтарылуы тиіс. Демек, алдағы уақытта әйел бизнесмендердің саны артып, сапасына күмән келтіруіміз ғажап емес.
Р.Бақытжанқызы
12 тамыз 2019 ж. 907 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 132

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930