Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 12 тамызда ауа райы қандай болады?

12 тамызда ауа райы қандай болады?

 
  Қазақстанның басым бөлігінде 12 тамыз дүйсенбі күні ауа райы құбылмалы болады, күн күркіреп, жаңбыр жауады, кей жерде нөсер құяды. Кей жерде жел тұрып, дауыл соғып, бұршақ түсуі мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет" метеоқызметі.

Ірі қалалардағы ауа райы

  Нұр-Сұлтанда дүйсенбіде күн ашық болады, күндіз ауа температурасы +32, түнде +19 болмақ. Сондай-ақ елордада 15 м/с-қа дейін жылдамдықпен жел соғады.
  Алматыда да күн аптап ыстық – күндіз сынап бағанасы +36 градусқа дейін көтеріледі.
  Шымкентте күндіз +35, түнде +24, жауын-шашынсыз.
Өңірлердегі ауа райы
   Қызылорда облысында кей жерде күн күркіреп, дауыл соғады, шаңды дауыл болады, түнде кей жерде, күндіз өңірдің басым бөлігінде желдің екпіні 15-20, күндіз кей жерде ұйытқуы 23 м/с.
  Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе облысында кей жерде күн күркіреп, дауыл соғады, бұршақ түсі мүмкін, желдің екпін 15-22 м/с.
  Солтүстік Қазақстан облысында күндіз желдің екпіні 15-20, ұйытқуы 25 м/с. Күндіз Маңғыстау облысында желдің екпіні 15-20, кей жерде 23 м/с жылдамдықпен шаңды дауыл соғады.
  Ақтөбе, Қостанай облыстарында күндіз кей жерде күн күркірейді, желдің екпіні 15-20 м/с.
  Жамбыл облысында, күндіз Түркістан облысында кей жерде желдің екпіні 15-20 м/с, Жамбыл облысында шаңды дауыл соғады.
  Алматы облысында Алакөл аумағында желдің екпіні 17-22 м/с.

12 тамыз 2019 ж. 1 255 0

Бүгін ауа райы күрт бұзылады

09 қыркүйек 2025 ж. 215

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930