Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ата кәсібінен алыстамаған әулет

Ата кәсібінен алыстамаған әулет

Оспановтар әулетінің су шаруа­шылығы саласындағы еңбек өтілі екі жүз жылға жуық. Қазалы қаласындағы «Қазалысушар» өнді­рістік учаскесінде қырық жылдан астам уақыт гидротехник болып, зейнетке шыққан Сыдық Оспановтың жолын жалғаған балалары мен немерелері де осы мекемеде жұмыс істейді.

Ерлі-зайыпты Сыдық пен Кенжебике Оспановтар аталған мекемеде ұзақ жылдар жұмыс істеп су шаруашылығы саласының өркен­деуіне айтарлықтай үлес қосты. Отағасы мұраб болса, отанасы су реттеуші болды. Жас күнінен ата-анасының жұмысына қанық ұлдары Ерсайын Оспанов та болашағын су шаруашылығы саласымен байланыстырды. Аталған мекемеде гидротехник, бас инженер қызметтерін абыроймен атқарды. Оның жары Тойдық Оспанова су реттеуші болып жиырма бес жылға жуық еңбек етті. Ата жолын ардақ тұтып, әке ізін жалғаған қос ұл Жанбай мен Жарқынбек Ерсайынұлы қазіргі таңда осы өндірістік учаскеде жұмыс істейді. Жарқынбектің келіншегі Анар Ермаханова – су реттеуші.

Алғаш еңбек жолын су реттеуші болып бастаған Жанбай Ерсайынұлы 1994-1997 жылдары еңбектен қол үзбей жүріп, Қызылорда политехникумыннан гидротехник мамандығын мең­герді. Әр жылдары гидротехник, аға инженер, Оң жаға бөлімшесінің басшысы қызметтерін атқарды. Су шаруашылығы саласында айтар­лықтай тәжірибе жинақ­таған ол 2016 жылдан бас­тап құрылыс жөндеу бөлімінің бастығы. Жарқынбек болса, Оң жаға бөлімінде жетекші маман. Ағайынды Садықовтардың жұмысқа деген жауапкершілігі мен тапсырылған іске тиянақтылығы туралы әріптестері жиі айтады.

– Біз үшін су шаруашылығы саласында жұмыс істеу отбасылық дәстүрдің бірі секілді. Мен де мамандық таңдауда көп ойланбадым. Отбасы мүшелерінің бір салада еңбек етуінің тиімді тұстары көп. Әкемнен естіп-білгенімді көкейге түйіп өстім. Оның ақыл-кеңестері осы салада шыңдалуыма үлкен әсер етті, – дейді Жанбай Ерсайынұлы.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
21 шілде 2019 ж. 1 358 0

Мен өмірді қалаймын

13 қараша 2024 ж. 65

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930