Арыс: 100 мың теңге берілетін елді мекендердің тізімі жарияланды
Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Арыста болған төтенше жағдайға байданысты 100 мың теңге өтемақы берілетін елді мекендердің тізімін жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты 100 мың теңге өтемақы беру бойынша түрлі сауалдар туындауда. Көрші елді мекен тұрғындарынан сұрақтар келіп түсуде. Алайда ҚР Үкіметі бекіткен тізім бойынша өтемақы беріледі.
Атап айтқанда, Арыс қаласы бойынша - 44 994 адам,
Ақдала ауыл округінде - 4 324 адам,
Қожатоғай ауыл округі бойынша - 4 232 адам,
Дермене ауыл округінде - 2 052 адам.
Жалпы бірінші кезекте 55 602 тұрғынға 100 мың теңгеден 5,6 миллиард теңге көлемінде өтемақы төлеу жоспарланып отыр. Өтемақы төлеуге ҚР Үкіметінің резерві есебінен 3 миллиард теңге, облыстық бюджеттен 1 млрд. теңге және арнайы құрылған "Түркістан" әлеуметтік қорына түскен қаржыдан 1,6 миллиард теңге бөлінеді деп күтіледі. Жергілікті тұрғындардан құжаттарды қысқамерзімде жинауға Арыс қаласындағы 17 секторда бекітілген тиісті мамандар және аудан, қала әкімдіктерінің қызметкерлері жұмылдырыған. Олар 2019 жылдың 3 шілдесінен бастап өтемақы алуға өтініштер жинақталып жатыр.
Арыстағы төтенше жағдай: Оқиғаның хронологиясы Еске салайық, 24 маусымда Түркістан облысындағы Арыс қаласында әскери бөлімшенің территориясында жарылыс болған еді. Оның салдарынан үш адам қаза тапты.
kaz.tengrinews.kz