Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Адамзатты бір сәтте бай қылатын астероид

Адамзатты бір сәтте бай қылатын астероид

  1852 жылы Аннибале де Гаспарис есімді астроном ерекше астероидты ашып, оны ежелгі грек мифологиясындағы Психея құдайының құрметіне атаған.
  Аспан денесі несімен ерекше дейсіз ғой? Психеяның құны - 700 квинтиллион (квинтиллион - 18 нөлі бар сан) доллардың шамасында.
Ғалымдар Психеяны зерттей келе оның құрамында өте көп мөлшерде темір, никель, платина, мыс және алтын бар екені анықтады. Бұл бір аспан денесі өзінің құрамымен Жер бетіндегі барлық адамды миллиардер етуге қауқарлы.
  Темір мен никельден тұратын астероидтар сирек кездеседі. Оған қоса Психеяның мөлшері үлкен, диаметрі 226 шақырымды құрайды.
  Әрине, мұндай ерекше аспан денесіне барлық ғарыш державалары қызығушылық танытып отыр. Алайда бірінші қадамды NASA жасауды жоспарлауда. Осыдан бірнеше жыл бұрын NASA Психеяға экспедиция жіберуге дайындықты бастағанын мәлімдеген болатын.

Астероидты игерудің үш жолы бар:
- Астероидтың өзінде кентас өндіріп, оны Жерге әкелгеннен соң өңдеу;
- Астероидтың бетінде кентасты өңдеп, дайын материалды Жерге әкелу;
- Аппараттардың көмегімен астероидты Жер мен Айдың арасындағы қауіпсіз орбитаға әкелу;
Дегенмен әзірге адамзат технологиясының шыңы бұл ерекше аспан денесін өңдеуге қауқарсыз, оның үстіне қазір оны Жерге жақындату мүмкін болмай тұр.
09 шілде 2019 ж. 165 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930