Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда Астанаға ашық аспан астындағы ғарыш музейін салып береді

Қызылорда Астанаға ашық аспан астындағы ғарыш музейін салып береді

Қызылорда облысы Астана қаласының 20 жылдығы мерейтойына орай ашық аспан астындағы ғарыш музейін тарту етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ашық аспан астында «Союз», «Протон», «Зенит» зымыран тасығыштары мен «Боран» орбитааралық кемесінің макеттерінен құралған зымыран-ғарыш техникасы музейі орналасады. Облыстық құрылыс, архитектура және қала құрылысы басқармасының хабарлауынша, аталмыш экспозицияның жобалық-сметалық құжаттамасына сәйкес құны 1,5 млрд теңгені құрайды. Бұл қаржы облыстық бюджет есебінен қаралған.
Экспозиция елордадағы Тұран даңғылы бойында орналасқан «ҚазҒарышСапары» АҚ ұлттық ғарыш орталығы аумағында орналасады. Басқарма мамандарының айтуынша,  құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Бұл жұмыстармен қатар ғарыштық кемелер макеті салынуда. Ғарыш музейі елорданың мерейтойы қарсаңында ел игілігіне айналатын болады.
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Елорданың 20 жылдығына орай қызылордалықтар Астанада ашық аспан астындағы ғарыш музейін салатыны жөнінде Қызылорда қаласы әкімінің халық алдында есеп беру кездесуінде айтқан болатын.
Әділжан Үмбет 
20 мамыр 2018 ж. 3 347 0

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж. 120

Толымды тарту

04 қараша 2025 ж. 128

Мәңгілік мұраның мекені

04 қараша 2025 ж. 107

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930