Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада қарбыз шырыны шығарылады

Қызылордада қарбыз шырыны шығарылады

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында қарбыз шырыны шығарыла бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аталмыш өндіріс орны жобасын неміс компаниясы қаржыландырады. Өндіріс орнына қажетті шикізатты жергілікті шаруалар жеткізіп тұрмақ.

 «Жаңақорған ауданында биыл қарбыз шырыны өндірісін іске қосуды жоспарлап отырмыз. Оны қаржыландыруды неміс компаниясы өз міндетіне алды. Өндіріс орны сағатына 2700 литр шырын өндірмек. Елімізде мұндай кәсіпорын қазір тек Алматы қаласында бар. Онда алмадан табиғи шырын өндіріледі. Бізде қарбыз дақылы Жайылма ауылында егіледі. Бұл елдімекен тұрғындары бақша дақылдарын өндіруге машықтанған», - деді Жаңақорған ауданының әкімі Ғалым Әміреев.  Әлемдік рынокта жеміс-жидек шырындары жоғары сұранысқа ие. Ол ерекше дамып келеді және болашағы зор кәсіптің түрі саналады. Қарбыз шырынын шығару ісі Қытай, Түркия және Иран елдерінде жақсы жолға қойылған.

«Айта кетелік, неміс инвесторлары тек өндіріс орны технологиясын қадағалаумен айналыспайды. Олар қарбыз егу ісіне де назар аударады. Оған қанша су және тыңайтқыш берілуі тиіс? Оған да назар аударатын болады», - деді Ғалым Әміреев. Бұдан бұрын Жаңақорғанда «1 ауыл - 1 кәсіп» жобасы қолға алынғанын хабарлаған едік.    
11 ақпан 2019 ж. 1 831 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 101

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 96

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 97

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 89

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 167

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930